Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Осы редакция 2010 жылғы 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау мен ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын; 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірі 9-22-жол мынадай редакцияда жазылсын: «9-22. «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы»; 2) «Республикада медициналық білім беруді одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1469 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 48, 450-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылатын ауруханалардың, емханалар мен дәрігерлік амбулаториялардың тізбесінде: «Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының Клиникалық базалары» деген бөлімде: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы»; 3) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «1. Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде: реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын: «21. Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы». 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|