Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi
Осы редакция 2010 жылғы 17 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 35-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткізу ережесi бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткізу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер (бұдан әрi тендерлер) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. Осы Ереже ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман ресурстарына қолданылмайды. 2. Осы Ережеде Қазақстан Республикасының Орман кодексiнде көзделген ұғымдар және мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) лот - мемлекеттік орман иеленушiнiң тендерге қойылатын орман ресурстары бойынша белгіленген тәртiппен құжаттама түрiнде ресiмделген және келісілген ұсынысы; 2) өтiнiм-лот - қалыптасу және уәкiлеттi органмен келісіп алу процесіндегі тендерге қойылатын орман ресурстары бойынша мемлекеттік орман иеленушiнiң ұсынысы; 3) тендердi ұйымдастырушы - тендерге қойылатын мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары функционалдық қарауында болатын облыстық атқарушы органдар немесе орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдары; 4) уәкiлеттi орган - мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру тәртібінiң сақталуын үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыратын орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган және оның аумақтық органдары; 5) тендерге қатысушы - осы Ережеге сәйкес ұзақ мерзiмдi орман пайдалану құқығын алу үшiн өзiнiң тендерге қатысатынын мәлiмдеген жеке және заңды тұлғалар; 6) тендер құжаттамасы - лоттың сипаттамасын, ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының жобасын (бұдан әрi - шарт жобасы) қамтитын құжаттар жиынтығы және теңдер өткізу рәсiмiн айқындайтын құжаттар; 7) тендер өтiнiмi - тендерге қатысушы тендер комиссиясына тапсырған және тендер ұйымдастырушы мен осы Ереженiң талаптарына сәйкес ресiмделген құжаттар жиынтығы. 3. Тендерге орман ресурстарын пайдалануды бiр орман пайдаланушыға берiп, бiр учаскеде орман пайдаланудың бiр немесе бiрнеше түрiн көздейтiн лоттар қойылуы мүмкiн. 2. Өтінiм-лоттарды қалыптастыру тәртібі 4. Өтінiм-лоттарды мемлекеттік орман иеленушi орман өсiру материалдарына сәйкес және орман ресурстары нарығының қажеттiлiктерi туралы ақпараттың негiзiнде әзiрлейдi. 5. Орман пайдаланудың жекелеген түрлерiне өтiнiм-лоттарды қалыптастыру мына ерекшелiктердi ескере отырып жүзеге асырылады: 1) сүрек дайындау үшiн орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру туралы ұсыныстар әзiрленген жағдайда мемлекеттік орман қорының учаскесi сүрек қоры басты және аралық мақсатта пайдалануға кесудi жүргiзу кезiнде сүрек ресурстарын толассыз және таусылмайтындай дәрежеде пайдалануды қамтамасыз ететiндей жолмен iрiктеп алынады. Лоттар арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер құру үшiн орман пайдаланушыға мемлекеттік орман қорының аумағында қосымша учаске беру мүмкіндігін көздеуі мүмкін; 2) аң шаруашылығының мұқтажы үшiн мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру туралы ұсыныс әзiрленген жағдайда учаскелер шаруашылықаралық аңшылықты жайластыру және аңшылық-экономикалық зерттеулер материалдарының негiзiнде және оңтайлы күзет режимi қамтамасыз етiлетiндей, молықтыру iс-шараларының кешенiн жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасалатындай және аңшылық шаруашылығын жүргiзудiң экономикалық қажеттiлiгi қамтамасыз етiлетiндей жолмен iрiктеп алынады. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру туралы сондай-ақ мемлекеттік орман қорының құрамына енбейтiн, бiрақ жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану жөніндегі iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру үшiн қажет болып табылатын жер учаскелерiн енгiзудi көздейтiн ұсыныс әзiрлеу кезiнде көрсетiлген учаскелердегi аң ауланатын жерлердi бекіту заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады; 3) орман пайдалану мерзiмдерi бойынша: сүрек дайындау - 10 жылдан 49 жылға дейiн; шайыр мен сүрек шырындарын дайындау - 10 жылдан 15 жылға дейiн; мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшiн пайдалану - 10 жылдан 49 жылға дейiн; мемлекеттік орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану - 10 жылдан 49 жылға дейiн. 6. Өтiнiм-лот мемлекеттік орман иеленушi куәландырған мына материалдарды қамтуға тиiс: 1) ықтимал орман пайдаланушы үшiн орман телiмдерi мен орамдары желісін, соқпақтар мен жол желісін, аралас жер пайдалану белгiсiн және басқа да қажеттi картографиялық ақпаратты қамтитын орман карталарының материалдары бойынша орындалған ұзақ мерзiмдi орман пайдалану учаскесiнiң абрисi; 2) орман телiмдерi мен орамдарының тiзбесi қосылған, апандар мен қажетті бағалау деректерi көрсетiлген учаскенiң сипаттамасы; 3) өтiнiм-лотқа енгiзілген орман пайдаланудың әрбiр түрi бойынша ресурстық деректер; 4) өтiнiм-лотқа енгiзілген орман пайдаланудың әрбiр түрi бойынша жыл сайынғы орман пайдаланудың қолданыстағы тексеру кезеңi шегіндегі рұқсат етiлген көлемдерi; 5) өтiнiм-лотқа енгiзілген орман пайдаланудың әрбiр түрi бойынша салық заңнамасына сәйкес белгiленген ақы төлеу мөлшерлерi; 6) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану учаскелерiне тiкелей жақын маңда елдi мекендердiң бар-жоғы, оларда тұратын халықтың саны туралы мәлiметтер, сондай-ақ жергiлiктi халықтың жұмыспен қамтылуы, орман пайдаланудың дәстүрлi түрлерi, әлеуметтiк iс-шараларды iске асыруға және елдi мекендердiң инфрақұрылымын қолдауға қажеттiлiктер туралы деректер; 7) орман пайдаланушыларға қойылатын орман заңнамасында белгіленген жалпы талаптар. 7. Тендердi ұйымдастырушы өтiнiм-лоттар келiп түскен сәттен бастап екi апта мерзiмде оларды қарайды, олар бойынша шарттар жобаларын әзiрлейдi және өтiнiм-лоттар мен шарттар жобаларын уәкiлеттi органға келiсуге жiбередi. 8. Уәкiлеттi орган өтiнiм-лоттар келiп түскеннен кейiн бiр жарым ай мерзiмде оларды тендерге қоюға арналған лоттар ретiнде қарайды және келiседi, сондай-ақ шарт жобасын келiседi. Ұсынылған материалдар бойынша елеулi ескертпелер болған жағдайда өтінiм-лоттар мен шарттар жобалары пысықтау үшiн тендердi ұйымдастырушыға қайтарылады. 9. Тендердi ұйымдастырушы өтiнiм-лоттар мен шарттар жобаларын уәкiлеттi органмен келісіп алғаннан кейiн тендер құжаттамасының жиынтығын бекiтедi. 10. Тендердi ұйымдастырушы құрамына тендердi ұйымдастырушының, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының, орталық атқарушы органның басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың, облыстық өкiлдi органның, мүдделi мемлекеттік орман иеленушiнiң, қоғамдық ұйымдардың өкілдерi енетiн тендер комиссиясын құрады. Теңдер комиссиясының төрағасы болып тендердi ұйымдастырушы басшыларының бiрi, хатшысы болып тендердi ұйымдастырушының лауазымды тұлғасы тағайындалады. Тендер комиссиясының хатшысы оның құрамына енбейдi. Тендер комиссиясы мүшелерiнiң саны кемiнде жетi адам болуға тиiс. 11. Тендердi ұйымдастырушы тендер комиссиясымен бiрлесiп: 1) тендердi өткізу уақыты мен орнын; 2) тендер комиссиясы орналасатын жердi; 3) теңдер құжаттамасын алу орны мен тәсілдерiн; 4) тендер өтінiмдерiн беру мерзiмдерiн; 5) тендер комиссиясы отырыстарының регламентiн айқындайды. 12. Тендердi ұйымдастырушы кемiнде бiр ай бұрын Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таралатын мерзiмдi баспасөз басылымында алдағы тендер туралы хабарландыру жариялайды. Тендердi өткізу туралы хабарландыру тендерге қойылатын лоттардың атауын, сондай-ақ осы Ереженiң 11-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген мәлiметтердi, тендердi ұйымдастырушы айқындайтын басқа да қажеттi ақпаратты қамтуға тиiс. 13. Тендерге қатысуға ниет білдiрген тұлға лоттың (лоттардың) атауын көрсетiп, тендер құжаттамасын алуға жазбаша нысанда өтiнiш бередi, тендер құжаттамасында белгiленген талаптарға сәйкес тендер өтiнiмiн әзiрлейдi және оны тендердi ұйымдастырушыға конвертке салынған күйiнде белгiленген мерзiмде тiркеуге тапсырады. Тендер өтiнiмi тiркелген сәттен бастап тендер өтiнiмiн берген тұлға тендерге қатысушы мәртебесiне ие болады. 14. Тендерге қатысушы тапсыратын тендер өтiнiмi: 1) үмiткердiң тендерге қатысуға келісімiн қамтитын тендерге қатысуға берiлген өтiнiмдi және оның тендер талаптарын орындау және тиiстi шарт жасасу жөніндегі мiндеттемелерiн; 2) тендерге қатысушыға қойылатын талаптарға сай келетiнiн растайтын құжаттар тiзбесiн: заңды тұлғалар - нотариалды түрде куәландырылған жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң, салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмелерiн; жеке тұлғалар - кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын нотариалды түрде куәландырылған құжаттың көшiрмесiн, сондай-ақ жеке куәлiгiнiң немесе төлқұжатының көшiрмесiн және салық төлеушiнiң куәлiгiн; тендерге қатысушының орман пайдалану құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды түрде куәландырылған көшiрмесiн (не заңмен белгiленген нысанның көшiрмесiн); бухгалтерлiк теңгерiмдi; тендер өтiнiмдерi салынған конверттер ашылатын күннiң қарсаңында үш айдан астам iшiнде банк (банктер) алдында теңдерге қатысушының мерзiмi өткен берешегi жоқ екенi туралы банктiң (банктердiң) анықтамасын; салықтық берешегi жоқ екенi туралы салық органының анықтамасын; тендерге қатысушыда орман пайдалануды жүзеге асыру, ормандарды күзету, қорғау және молықтыру жөніндегі iс-шараларды өткізу үшiн қажет қаражат пен өндiрiстiк қуаттардың бар екенi туралы құжаттарды (оның iшiнде қызметкерлердiң біліктiлiгi көрсетiлiп олардың бар екенi және саны, мамандықтары бойынша жұмыс стажы туралы құжаттарды); 3) ормандарды күзетуге және молықтыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, жергiлiктi халыққа қызметтер көрсетуге бағытталған ұсынылатын қосымша қызметтер мен жұмыстарды; 4) тендер құжаттамасына сәйкес ұсынылуы қажет басқа да құжаттарды қамтуға тиiс. 15. Мемлекеттік орман иеленушi тендер өткiзiлгенге дейiн тендерге қатысушыларды тендерге қойылатын орман пайдалану учаскелерiмен таныстырады. 16. Тендерге қатысушы тендер нәтижелерiне қарамастан, өзiнiң тендер өтiнiмiн әзiрлеуге және тапсыруға байланысты барлық шығыстарды көтередi. 17. Тендердi ұйымдастырушы ұсынылған тендер құжаттамасы үшiн тендер құжаттамасын көшiрiп басуға жұмсалатын нақты шығындардан аспайтын ақы алуы мүмкiн. 18. Тендер комиссиясы тендер өтінiмдерi салынған конверттердi белгiленген мерзiмде ашады. Тендерге қатысушының тендер өтiнiмдерi салынған конверттердi ашу кезiнде қатысып тұруына болады. 19. Тендер өтiнiмдерi салынған конверттердi ашу кезiнде тендер комиссиясының хатшысы қатысып отырған адамдарға тендерге қатысушылардың атаулары мен орналасқан жерлерiн хабарлайды, олар қатысып отырған лоттың (лоттардың) атауын, тендер өтiнiмiне енгiзілген құжаттардың тiзбесiн оқиды. Тендер өтiнiмдерi салынған конверттердi ашу нәтижелерi бойынша конверттердi ашу хаттамасы жасалады, оның куәландырылған көшiрмелерi ашу рәсiмi кезiнде қатысып отырған тендерге қатысушыларға берiледi. 5. Тендер өтiнiмдерiн қарау және тендерлер жеңiмпаздарын анықтау 20. Тендер өтiнiмдерiн бағалауды тендер комиссиясы конверттер ашылған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде жүргiзедi. Тендерге қатысушылар тендер өтiнiмдерiн бағалауға қатыспайды. 21. Тендер өтiнiмдерiн қарау барысы туралы ақпарат және оларды бағалау материалдары құпия сипатта болады және бағалау рәсiмiне ресми қатысы жоқ тұлғаларға берiлмейдi. 22. Тендер комиссиясының шешiмi бойынша ұсыныстары тендер құжаттамасында айтылған барлық талаптарға сай келетiн және тендер шарттарын орындау бөлiгiнде таңдаулы болып табылатын қатысушы тендер жеңiмпазы болып танылады. Назарға сондай-ақ ұсынылған тендер өтiнiмдерiнiң қосымша техникалық, біліктiлiк, ұйымдық және өзге де артықшылықтары алынуы мүмкiн. 23. Басқа үмiткерлер болмаған жағдайда, егер лот бойынша тендердiң бiрден-бiр қатысушысы тендер өтiнiмiне қойылатын негiзгi талаптарды сақтаған және орман пайдалануды ұйымдастыру мен жүзеге асыру жөнiнде ол жасаған ұсыныстар тендер шарттарына сай келетiн болса, сол қатысушы тендер жеңiмпазы болып танылуы мүмкiн. 24. Тендердi ұйымдастырушы, егер теңдерге қатысушылардың ұсыныстарын тендер комиссиясы тендер шарттарын қанағаттандырмайтын ұсыныстар деп таныса, оны өтпедi деп тануы мүмкiн. 25. Тендерге қатысушылар қатарынан оның жеңiмпазын таңдау тендер комиссиясы мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда тендер комиссиясының отырысында жүргiзiледi. Тендер комиссиясының шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және, егер оған тендер комиссиясының қатысып отырған мүшелерi жалпы санының көпшілік даусы берiлсе, қабылданған болып есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi. Тендер комиссиясының шешiмiмен келiспеушілік бiлдiрiлген жағдайда осы тендер комиссиясының кез келген мүшесi ерекше пiкiр білдiруi мүмкiн, ол жазбаша түрде баяндалып, мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөніндегі тендер комиссиясының хаттамасына (бұдан әрi - тендер комиссиясының хаттамасы) қоса тiркеледi. Тендер комиссиясының хаттамасы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда ресiмделедi. 26. Тендер комиссиясының әрбiр лот бойынша хаттамасына тендер комиссиясының қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ оның хатшысы қол қояды. 27. Тендердi ұйымдастырушы тендер комиссиясының хаттамасы ұсынылғаннан кейiн тендер жеңiмпазына (жеңiмпаздарына) хабарлама жiбередi және он күн мерзiмде онымен осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын (бұдан әрi - шарт) жасасады. Тендер нәтижелерi туралы хабар тендер өткізу туралы хабарландыру жарияланған баспа басылымында жарияланады. 28. Тендер нәтижелерi туралы есеп тендердi ұйымдастырушы тендер комиссиясының хаттамасына қол қойғаннан кейiн жетi күн мерзiмде уәкiлеттi органға ұсынылады. 29. Тендер өткізудiң белгiленген тәртібі бұзылған жағдайда оның нәтижелерiн уәкiлеттi орган жарамсыз деп тануы мүмкiн. 30. Тендер комиссиясының шешiмiмен келiспеген жағдайда тендер нәтижелерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн. учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткізу ережесіне 1-қосымша Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөніндегі тендер комиссиясы хаттамасының үлгілiк нысаны №___ _____________ 20__ ж.»___»_____________ (елдi мекен) Тендердiң басталу күнi және уақыты ________________ Тендердiң аяқталу күнi және уақыты ________________ 1. Тендер комиссиясы мына құрамда (Т.А.Ә. лауазымы көрсетiлсiн): ______________________________________- комиссия төрағасы комиссия мүшелерi: _________________________________________________; _________________________________________________; _________________________________________________; _________________________________________________; құрылып,_________________________________________________________ (тендер комиссиясын құрған органның кесiмi, құжаттың күнi мен нөмiрi көрсетiледi) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендер өткiздi. 2. Тендерге мынадай лот қойылды:
3. Тендер құжаттамасын алғандар:
4. Тендерге қатысуға тендер өнiмiн тендердiң мына қатысушылары тапсырды:
5. (Конверттердi ашу кезiнде тендер өтінiмдерiнiң қабылданған-қабылданбағаны және олардың қабылданбау себептерi көрсетiлсiн). 6. Тендерге қатысушы мынадай құжаттар тiзбесiн тапсырды:
7. Тендерге қатысушылар тендер құжаттамасының шарттарына мынадай қосымша ұсыныстар тапсырды:
8. Тендер комиссиясы тендер өтінiмдерiн бағалау және салыстыру нәтижелерi бойынша былай деп ұйғарды: 1. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берудiң мына шарттарына: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ ____________________________________________________________сәйкес ________________________тендер өтiнiмi тендердi ұтты деп танылсын. (лот бойынша тендер жеңiмпазының атауы) 2. Облыстық атқарушы орган (орман шаруашылығы саласындағы уәкiлетті органның аумақтық органы) он күн мерзiмде мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру туралы шарт жасассын. Комиссия төрағасы __________________________ Комиссия мүшелерi __________________________ __________________________ __________________________ Комиссия хатшысы __________________________ Тендердi ұйымдастырушының М.О учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткізу ережесіне 2-қосымша Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру шартының үлгiлiк нысаны №______ _____________ 20__ ж.»___»_____________ (елдi мекен) Бiрлесiп «Тараптар», деп аталатын____________________________ негiзiнде iс-әрекет жасайтын, бұдан әрi «Уәкiлеттi орган» деп аталатын _____________________________________________________________ (қарауында мемлекеттік орман қорының берiлетiн учаскелерi бар орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органының немесе облыстық атқарушы органның атауы) арқылы және__________________негiзiнде iс-әрекет жасайтын бұдан әрi «Орман пайдаланушы» деп аталатын____________________________ заңды тұлғаның атауы немесе т.а.ә.) төмендегілер туралы осы Шартты жасасты. 1. Шарттың мәнi 1. Уәкілеттi орган Орман пайдаланушыға мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөніндегі 200_ жылғы»_"_____№___ тендер хаттамасының негiзiнде орман ресурстарын___________________________________ (орман пайдалану түрлерi көрсетiлсiн) жүзеге асыру үшiн осы Шартқа қоса берiлiп отырған мемлекеттік орман қоры учаскесi жоспарының (1-қосымша) шегiнде ___ жыл мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға бередi. 2. Орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттік орман қоры учаскесiнiң алаңы мен бағалау көрсеткiштерi осы Шартқа 2-қосымшада көрсетiлген. |