Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесін бекіту туралы (ҚР Үкіметінің 14.12.01 ж. № 1639; 23.05.02 ж. № 562; 11.04.03 ж. № 350 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2010 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қаулынын бұрынғы редакциясын қара
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекешелендіру туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесі бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Жекешелендіру объектілерін сату жөнінде жабық тендерлер өткізудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 қаңтардағы № 126 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 6, 35-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі № 3050 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 13 тамыздағы № 1001 қаулысының 2-тармағының үшінші абзацы. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті екі айлық мерзімде бұрынырақта қабылданған ведомстволық шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысымен бекітілген Жекешелендiру объектiлерiн сатудың ережесi ҚР Үкіметінің 14.12.01 ж. № 1639 ; 11.04.03 ж; № 350 (бұр. ред. қара) қаулыларымен кіріспе өзгертілді Жекешелендiру объектiлерiн сатудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекешелендiру туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi және аукцион, тендер және екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықта жекешелендiру объектiлерiн сатудың тәртібін реттейдi. 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 14.12.01 ж. № 1639; 11.04.03 ж. № 350 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) «Сатушы» - Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық меншiк пен коммуналдық меншiкке иелiк етуге, пайдалануға және билiк етуге уәкiлеттiк берген мемлекеттік органдар; 2) «Ұйымдастырушы» - жекешелендiру объектiлерiн дайындауды және сатуды ұйымдастырушы заңды немесе жеке тұлға; Сатушы Ұйымдастырушы бола алады. 2-1) «Қаржы кеңесшiсi» - жекешелендiру объектiлерiн сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнiнде консультациялық қызметтер көрсету үшiн екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурсты өткізу кезiнде Сатушы тартатын тұлға; 3) «Жекешелендiру объектiсi» - мүлiктiк кешен ретіндегі мемлекеттік кәсiпорын немесе мемлекеттік мекеме; жекешелендiрiлуi тұйықталған технологиялық циклдi бұзбайтын мүлiктiк кешен ретіндегі кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерi; кәсiпорынның мүлкi; акциялар; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы үлестер; Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртіппен мемлекеттік мекемелерге бекітілген өзге де мемлекеттік мүлiк. 4) «Қатысушы» - аукционға , тендерге немесе eкі кезеңдi рәсім арқылы конкурсқа қатысу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелген заңды немесе жеке тұлға; 5) «Сауда-саттықтар» - жекешелендiру түрi; 6) «Аукцион» - қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлiмдейтiн сауда-саттықтың нысаны; 7) «Аукционшы» - аукцион жүргізушi және тиiстi аукциондық сауда-саттық жүргізу техникасын меңгерген жеке тұлға; 8) «Сауда-саттықтардың ағылшын әдiсi» - сауда-саттықтардың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен арттырылатын әдiсi; 9) «Сауда-саттықтардың голланд әдiсі» - сауда-саттықтардың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен төмендетiлетiн әдiсi; 10) «Тендер» - сауда-саттықтардың қатысушылар өздерінің ұсыныстарын Сатушының қалауы бойынша жазбаша жабық конвертте немесе жария мәлiмдейтiн нысаны; 11) «Жабық тендер» - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қатысушылардың шектеулi шеңберi қатысатын тендер; 12) «Коммерциялық тендер» - жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған Қатысушы жеңiмпаз болып танылатын, тендердiң шарттарын орындауға келiскен Қатысушылардың арасындағы сауда-саттықтар; 13) «Инвестициялық тендер» - комиссияның қорытындысы бойынша тендердiң шарттарына сәйкес ең жақсы инвестициялық бағдарлама ұсынған Қатысушы жеңiмпаз болып танылатын сауда-саттықтар; 13-1) «Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс» - кезең-кезеңдi келiссөздер жүргiзу арқылы қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен Сатушы конкурс жеңiмпазын анықтайтын сауда-саттық нысаны; 14) «Есептiк баға» - жекешелендiру объектiсiнiң бағасын реттейтiн, қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес айқындалған жекешелендiру объектiсiнің бағасы; 15) «Алғашқы баға» - Сатушы бекiткен есептiк баға не консалтингтiк ұйымдардың немесе тәуелсiз аудиттiң қорытындысы негiзiнде алынған баға; 16) «Ең төменгі баға» - жекешелендiру объектiсiн одан төменге сатуға болмайтын баға; 17) «Бастапқы баға» - жекешелендiрудiң әрбiр объектiсi бойынша сауда-саттықтар басталатын баға; 17-1) «Ағымдағы баға» - аукционда сауда-саттық барысында қалыптасатын жекешелендiру объектiсiнiң бағасы; 18) «Сату бағасы» - жекешелендiру объектiсiнiң сауда-саттықтардың нәтижесiнде белгiленген түпкiлiктi бағасы; 19) «Жеңiмпаз» - жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған аукционға қатысушы; тендерлiк комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шартты ұсынған тендерге қатысушы; ең жақсы шартты ұсынған екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың екiншi кезеңiне қатысушы; 20) «Сатып алушы» - Сатушымен сауда-саттық шартын жасасқан Жеңiмпаз. ҚР Үкіметінің 14.12.01 ж. № 1639 қаулысымен 2-тармақ өзгерді 2. Объектiнi жекешелендiру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Yкіметі немесе осындай шешiм қабылдауға өкiлеттiк берiлген мемлекеттік орган қабылдайды. 3. Эмиссиялары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген акцияларды сатуға рұқсат етiлмейдi. 4. Жабық акционерлік қоғамдардағы акциялардың мемлекеттік пакеттерi мен серiктестiктердегi мемлекеттік үлестердi сату Қазақстан Республикасының заңнамасы қоятын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Жабық акционерлік қоғамдардағы акциялардың мемлекеттік пакеттерi мен серiктестiктердегі мемлекеттік үлестер ашық сауда-саттықта сатылған жағдайда, оларды сату осы Ережемен реттеледi. ҚР Үкіметінің 14.12.01 ж. № 1639 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Мемлекеттік мүлiктiң теңгерiмiн ұстаушы, жекешелендiру объектiсi бойынша сатып алушыға меншiк құқығы көшкенге дейiн, жекешелендiру объектiсiнiң сақталуы мен мәлiметтердің дұрыстығы үшiн жауапты болады. Акционерлік қоғамдардағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiн немесе серiктестiктiң жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлестi сату кезiнде мүлкiнiң сақталуы мен мәлiметтердiң шынайылығы үшiн акционерлік қоғамның немесе серiктестiктiң басшылығы жауапты болады. 6. Жеке тұрған ғимаратта және қосып салынған үй-жайларда орналасқан жекешелендiру объектiлерi (жылжымайтын мүлiк) бойынша сауда-саттықта объект тұтас, яғни ғимарат, үй-жай және жекешелендiру объектiсiнiң барлық мемлекеттік мүлкi ол үшiн бөлiнген жер учаскесiмен бiрге сатылады. Қосып салынған үй-жайларда орналасқан жекешелендiру объектiлерi (жылжымайтын мүлiк) бойынша жекешелендiру объектiсi орналасқан жер учаскесiнiң бiр бөлiгiн сату үшiн бөлу, учаске жер заңнамасына сәйкес бөлiнетiндер разрядына жататын жағдайда ғана жүргізіледi. Бұл орайда жер учаскесiнiң құнын Сатып алушы жеке төлейдi. Жекешелендiру объектiсi бөлiнбейтiн жер учаскесiне орналасқан жағдайда, сату шартында жер учаскесiн ортақ пайдаланудың тәртібі ескерiледi. 7. Сатушы жекешелендiру объектiсiн сатуды осы Ережеде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгіленген тәртiппен жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 14.12.01 ж. № 1639; 11.04.03 ж. № 350(бұр. ред. қара) қаулыларымен 8-тармақ өзгертілді 8. Сатушының функциялары: 1) жекелеген сауда-саттықтар бойынша объектiлердi бөлу, сондай-ақ оларды жүргізудiң мерзiмдерiн белгiлеу; 1-1) осы Ереженiң 1-тармағы 11) және 13-1) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық нысанын анықтау; 2) жекешелендiру объектiлерiнiң алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағасын белгiлеу және бекіту; 3) кепілдiк жарналарды қабылдау; 4) Ұйымдастырушылармен сауда-саттықтарды ұйымдастырудың және өткізудiң шарттарын жасасу; 5) аукциондарды ұйымдастырудың және өткізудiң барысын бақылауды ұйымдастыру; 6) Сауда-саттықтардың жеңiмпаздарымен сатып алу-сату шарттарын жасасу және олардың орындалуын бақылау; 7) Қатысушымен, Сатып алушымен және Ұйымдастырушымен сауда-саттық жүргізу рәсімдерiмен байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру болып табылады. 9. Сауда-саттықтарға қатысуға жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және шетелдiк заңды тұлғаларға рұқсат етiледi. ҚР Үкіметінің 14.12.01 ж. № 1639; 11.04.03 ж. № 350 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді 10. Мыналар: 2) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне немесе құрылтайшылық құжаттарына сәйкес қызметтің жүзеге асырылуы объектiлердi сауда-саттықтарда сатудың шарты болып табылатын түрлерiмен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлғалар; 3) Аукционды ұйымдастырушы; 4) Сатып алу-сату шартын жасасу және орындау жөніндегі тиiстi міндеттемелерін орындамаған бұрынғы сауда-саттықтардың жеңiмпаздары сауда-саттықтардың қатысушысы бола алмайды. 11. Акциялардың мемлекеттік пакеттерiн сату кезiнде Сатып алушы акционерлік қоғам, егер соңғысы Сатып алушының акцияларына ие болса, акционерлік қоғам акцияларының 25 пайызынан артықты сатып ала алмайды. ҚР Үкіметінің 14.12.01 ж. № 1639 қаулысымен 12-тармақ өзгерді 12. Сауда-саттықтарды ұйымдастыру және өткізу үшiн Сатушы құрамына Сатушының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң және басқа да мүдделi ведомстволардың өкiлдерi немесе олардың аумақтық және аймақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерi кiретiн комиссияны құрады. Комиссия мүшелерiнiң саны кемiнде 5 адамды құрауы тиiс. Комиссияның төрағасы Сатушының өкiлi болып табылады. Комиссияның шешiмi комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстардың теңдiгi кезiнде төрағаның даусы шешушi болып табылады. ҚР Үкіметінің 14.12.01 ж. № 1639 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді 13. Комиссия Сатушының тапсырмасы бойынша мынадай функцияларды жүзеге асырады: өз жұмысының регламентiн дербес әзiрлейдi; жекешелендiру объектiсiнiң алғашқы, бастапқы және ең төменгi бағасын бекіту үшiн Сатушыға ұсыным жасайды; кепiлдiк жарнаның мөлшерiн айқындайды; тендердiң шартын айқындайды; тендер өткiзедi; Сауда-саттықтардың жеңімпазын жариялайды. 14. Сауда-саттықтарды өткізуге дайындықты сауда-саттықтарды өткізу туралы ақпараттық хабарламаның уақытылы жариялануын қамтамасыз ететiн, өтiнiмдердi қабылдауды және қатысушыларды тiркеудi жүргiзетiн, келiп түскен материалдарды комиссияның қарауына беретiн Сатушы жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 11.04.03 ж. № 350 қаулысымен (бұр. ред. қара) 15-тармақ өзгертілді 3. Сауда-саттықтарды өткізуге дайындық 15. Сауда-саттықтарды өткізуге дайындық мынадай тәртiппен жүзеге асырылады: 1) қажеттi материалдарды жинау жүргiзiледi; 2) жекешелендiру объектiлерiнiң алғашқы, бастапқы және ең төменгi бағасы айқындалады; 3) осы Ереженiң 1-тармағы 11) және 13-1) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбiр жекешелендiру объектiсiнiң сатылу нысандары мен әдiсi айқындалады; 4) жекешелендiру объектiлерi жекелеген сауда-саттықтар бойынша бөлiнедi; 5) кепiлдiк жарнаны енгізудiң мөлшерi мен тәртібі айқындалады; 6) сауда-саттықтарды жүргiзудің мерзiмдерi белгiленедi; 7) қажет болған жағдайда жекешелендiру объектілерiн сату жөніндегі аукционды ұйымдастыруға және өткізуге шарт жасасу құқығы үшiн тендер өткiзiледi; 8) сату проспектiсi жасалады; 9) сауда-саттықтар өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланады және басқа да жарнамалық қызмет жүзеге асырылады; 10) кепiлдiк жарналар қабылданады; 11) Қатысушыларды тiркеу жүргiзiледi. 16. Жекешелендiру объектiлерiнiң есептiк бағасын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 6 мамырдағы № 562 қаулысымен бекітілген Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау туралы ережеге сәйкес Сатушы белгiлейдi. Сатушы жекешелендiру объектiсiнiң құнын бағалауды консалтингтiк ұйымдардың немесе тәуелсiз аудиттiң қорытындысы негiзiнде жүзеге асыруға құқылы. Жекешелендiру объектiсiнiң алғашқы бағасын Сатушы бекiтедi. 17. Кепiлдiк жарна Қатысушылардың мынадай мiндеттемелерiн: 1) сауда-саттықтарда жеңiске жеткен жағдайда сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюын; 2) сауда-саттықтар нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасасудың; 3) сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелерiн тиiстi түрде орындау болып табылады. 18. Кепiлдiк жарна Сатушының деректемелерiне ақпараттық хабарламада белгіленген нысан мен тәртіпте және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгiзiледi. Кепiлдiк жарнаның мөлшерi ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлмейдi. Кепiлдiк жарнаны Қатысушының атынан кез-келген жеке немесе заңды тұлға енгiзуi мүмкiн. Кепiлдiк жарнаны алушы Сатушы болып табылады. 19. Сауда-саттықтарда жеңiп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан Қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесiлi төлемдердiң есебiне жатады. 1) Сауда-саттықтарға қатысушыға - сауда-саттықтарға қатысудан ол өткiзiлуiне үш күннен аз қалғанда бас тартқан жағдайда немесе оның осы Ереже және Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеуi анықталған жағдайда; 2) Жеңiмпазға - ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан жағдайда; 3) Сатып алушыға - ол сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды. Қалған барлық жағдайларда кепiлдiк жарна сауда-саттықтар аяқталған күннен бастап 10 банктiк күннен кеш емес мерзiмде, ал егер ақша Сатушының шотына сауда-саттықтардан кейiн түссе, онда олар түскен күннен бастап 10 банктiк күннiң iшiнде қайтарылады. ҚР Үкіметінің 11.04.03 ж. № 350 қаулысымен (бұр. ред. қара) 21-тармақ өзгертілді 21. Сауда-саттықтар өткiзiлетiндiгi туралы ақпараттық хабарлама олар өткiзiлгенге дейiн кемiнде 15 күн бұрын, ал акцияларды және ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы үлестердi сату кезiнде - сауда-саттықтар өткiзiлуге дейiн 30 күннен кешiктiрмей жариялануы тиiс. Ақпараттық хабарлама ресми басылымдарда мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жариялануы тиiс. ҚР Үкіметінің 11.04.03 ж. № 350 қаулысымен (бұр. ред. қара) 22-тармақ өзгертілді 22. Ақпараттық хабарлама: 1) сауда-саттықтардың өткiзiлетiн күнiн, орнын және уақытын; 2) сауда-саттықтардың нысаны мен әдiсiн; 3) жекешелендiру объектiсi туралы мәлiметтi: 4) сатуға қойылатын жекешелендiру объектiлерiнiң бастапқы және ең төменгi бағасын; 5) Сатушының кепiлдiк жарнасының мөлшерi мен банктiк деректемелерiн; 6) өтiнiмдi қабылдайтын орны мен мерзiмдерiн; 7) сауда-саттықтарды өткізудiң тәртібі мен сауда-саттықтардың Жеңiмпазын анықтаудың шартын; 8) Сауда-саттықтарды ұйымдастырушының телефоны мен орналасқан жерiн; 9) Сатушының шешiмi бойынша қосымша ақпаратты қамтуы тиiс. 23. Әрбiр объектi бойынша ақпараттық хабарлама жарияланғанға дейiн Сатушы мынадай құжаттардың көшiрмелерiнен тұратын құжаттардың пакетiн: 1) сауда-саттықтарға қойылатын жекешелендiру объектiсiнiң жарғысын; 2) акциялар эмиссиясының проспектiсi мен эмиссиялардың тiркелгендiгi туралы куәлiктi; 3) соңғы үш жылдағы және жекешелендiру объектiсiн сату туралы шешiм қабылданған күнге дейiнгi қосымшаларымен бiрге есептiк кезеңдегi бухгалтерлiк теңгерiмдi; 4) статистикалық кәртiшкенi; 5) заңды тұлғаның тiркелгендiгi туралы куәлiктi; 6) акционерлік қоғам акционерлерiнiң немесе серiктестiк қатысушыларының тiзiлімiнен көшiрменi; 7) олардың құнын көрсете отырып, жарғылық капиталға енген негiзгi құрал-жабдықтардың тiзбесiн; 8) кредиторлық және дебиторлық берешектердiң таратылып жазылуын; 9) әлеуметтiк сала объектiлерiнiң тiзбесiн, олардың құнын көрсете отырып, акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерi сауда-саттықтарға қойылатын акционерлік қоғамдар мен серiктестiктер ұсынады; 10) Сатушының ұйғарымы бойынша басқа да құжаттарды дайындауы тиiс. Құжаттардың пакетiне басқа да қосымша мәлiметтер (инвестордың тәуекелi факторларының талдауы, ұйымды техникалық қайта жарақтау нұсқаларының мүмкiндiктерi туралы деректер, кiрiстілiк есептерi, өндiрiс үшiн қажеттi инвестициялардың көлемiн бағалау өндiретiн өнiмнiң әлемдiк немесе iшкi рыноктардағы перспективалығын бағалау және т.б.) де енгiзiлуi мүмкiн. Ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін Сатушы жекешелендiру объектiсiнiң және сауда-саттықтарды өткізудiң ережесi туралы ақпараттарды барлық тiлек бiлдiрушiлердiң еркiн алуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Жарнамалардың басқа түрлерi еркiн нысанда жүзеге асырылады және Қатысушыларды барынша кең тартуға бағытталуы тиiс. ҚР Үкіметінің 14.12.01 ж. № 1639 11.04.03 ж. № 350 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 24-тармақ өзгертілді 24. Сауда-саттыққа қатысушыларды тiркеу ақпараттық хабарламалар жарияланған күнiнен бастап жүргiзiледi және аукционның басталуына бiр сағат және тендердiң және/немесе екi кезеңдi рәсім арқылы конкурстың басталуына жиырма төрт сағат қалғанда аяқталады. ҚР Үкіметінің 14.12.01 ж. № 1639 қаулысымен 25-тармақ өзгертілді 25. Сауда-саттықтардың қатысушысы ретiнде тiркелу үшiн: 1) Сауда-саттықтарға қатысушының жазбаша мiндеттемесiн қамтитын сауда-саттықтарға қатысудың, ал, ол Жеңiмпаз деп жарияланған жағдайда ақпараттық хабарламада белгiленген шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартын жасасудың өтiнiмiн; 2) төлқұжатын немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатты; 3) кепiлдiк жарнаның енгізiлгендiгін растайтын төлем құжатының көшiрмесi мен көшiрмелердiң шынайылығын растау үшiн төлем құжаттарының түпнұсқасын; 4) жабық конвертте берiлетiн коммерциялық тендер өткізудiң өтінімiнде жекешелендiру объектiсiн сатып алу бағасы туралы коммерциялық ұсынысты көрсетедi; 5) инвестициялық тендерге қатысу үшiн жекешелендiру объектiсiн сатып алу бағасы туралы ұсыныс көрсетiлген өтiнiм және инвестициялық бағдарлама (бизнес-жоспар) жабық конвертте берiледi; 6) өкiлдiң уәкiлеттiгiн растайтын құжатты ұсыну қажет. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жарғының, статистикалық кәртiшкенiң және заңды тұлғаның тiркелгендiгі туралы куәлiктiң нотариалдық расталған көшiрмелерiн ұсынады. Акционерлік қоғамдар олардың акцияларына иелiк ететiн акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлердiң тiзiмiнен көшiрменi (ақпараттық хабарлама жарияланған сәттегі) ұсынады. Шетелдiк заңды тұлғалар құрылтай құжаттарын орыс тiліндегі нотариалдық расталған аудармасымен ұсынады. 26. Сауда-саттықтарға қатысуға тiлек бiлдiрген тұлғалардың өтiнімдерін қабылдау мен тiркеу, талап етiлетiн құжаттардың толық жинағы бар болған жағдайда жүргізiледi. ҚР Үкіметінің 14.12.01 ж. № 1639 қаулысымен 27-тармақ өзгертілді 27. Сатушы мен Ұйымдастырушының: 1) Қатысушыдан аукционға қойылғандардың iшiнен белгiлi бiр объектiнi оның сатып алу тiлегі туралы ақпаратты талап етуге; 2) Сауда-саттықтарға қатысушыларға қатысы бар ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделгендерден басқа жағдайларда, сауда-саттықтарды дайындаудың және оны өткізудiң бүкiл кезеңi iшiнде жария етуге; 3) осы Ереженің 25-тармағында аталғандарды қоспағанда Қатысушы ретiнде тiркеу үшін қосымша құжаттарды ұсынуды талап етуге құқығы жоқ. 28. Қатысушылардың құжаттары арнаулы журналда тiркелгеннен кейiн арнайы сейфте сақталады, сауда-саттықтар өткiзiлетiн күнi Қатысушылардың құжаттары қарау және сауда-саттықтарға жiберу үшiн комиссияға берiледi. 29. Аукционға жiберiлген Қатысушы аукциондық нөмiрдi алады. Сауда-саттықтардың процесi кезiнде аукциондық нөмiрдi басқа тұлғалардың пайдалануына тыйым салынады. ҚР Үкіметінің 14.12.01 ж. № 1639 қаулысымен 30-тармақ өзгертілді 30. Сауда-саттықтардың ағылшын әдiсiн қолдана отырып аукционды өткізу кезiнде жекешелендiру объектiсiнің бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең. Сауда-саттықтардың голланд әдiсiн қолдана отырып аукционды өткізу кезiнде бастапқы баға алғашқы бағаны арттырылатын коэффициентке көбейту арқылы айқындалады. Бұл коэффициенттi Сатушы белгiлейдi, бiрақ 10-нан кем болмауы тиiс. Ең төменгi баға белгiленген жағдайда, жекешелендiру объектiсi одан төмен бағаға сатыла алмайды. 31. Аукционға қатысуға арналған кепiлдiк жарна аукционға қойылатын барлық жекешелендiру объектілерi үшiн бiрдей мөлшерде белгiленедi және мынадай әдiстеме бойынша есептеледi. 1) әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша жекешелендiру объектiсiнің алғашқы бағасынан 1 пайыздан 15 пайызға дейiн (Сатушының ұйғарымы бойынша) айқындалады; 2) осы тармақтың 1) тармақшасында алынған орташа арифметикалық шамасы айқындалады; 3) аукционға қойылатын жекешелендiру объектiлерiнiң iшiнен жекешелендiру объектiсінің ең төменгi бастапқы бағасы айқындалады; 4) кепiлдiк жарнаның мөлшерi осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында алынған ең төменгi шамасына тең мөлшерде қабылданады. 32. Қатысушылар кепiлдiк жарнаны кез-келген санда енгiзуге құқылы, бұл орайда бiр кепiлдiк жарна бiр жекешелендiру объектiсiн сатып алуға құқық бередi. 33. Жекешелендiру объектiсi алғашында аукционға сауда-саттықтардың ағылшын әдiсi қолданыла отырып шығарылады. Екiншi және одан кейiнгi аукциондардағы сауда-саттықтардың әдiсiн Сатушы белгiлейдi. 34. Аукционды Аукционшы жүргiзедi. Аукцион оның өткізу тәртібін жариялаудан басталады. Қатысушылар мен қатысып отырған тұлғалар аукцион барысына ықпал етуге немесе оны өткізу ережесін бұзуға құқығы жоқ, басқаша жағдайда оларды Аукционшы аукцион өткiзiлiп отырған залдан шығарып жiберуi мүмкiн. Жекешелендiру объектiлерiн сауда-саттықтарға қоюдың ретi ақпараттық хабарламада белгiленген тәртiпке сәйкес келуi тиiс. ҚР Үкіметінің 14.12.01 ж. № 1639 қаулысымен 35-тармақ өзгертілді 35. Әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттықтар Аукционшының сату объектiсiн, қойылып отырған жекешелендiру объектiсiнiң қысқаша сипаттамасын сауда-саттықтарды өткізудiң әдiсiн, бастапқы бағасын және бағаның өзгеру қадамын жариялауынан басталады. Аукционшы сауда-саттықтар процесi кезiнде қадамды осы туралы хабарлай отырып, өзгертуге құқылы. Өзгерту қадамы жекешелендiру объектiсiнiң 5 пайыздан 10 пайызға дейiнгi ағымдағы бағасы шегiнде белгiленедi. Аукционшының объект бағасын қайталап жариялау арасындағы үзіліс 5 секундтан кем болмауы тиiс. 36. Сауда-саттықтар төменде сипатталған екi әдiстiң бiрi бойынша өткiзiледi: 1) Сауда-саттықтардың ағылшын әдiсi: Аукционшы жекешелендiру объектiсінің бастапқы бағасын және бағаның арттырылу қадамын жариялайды. Сауда-саттықтардың қатысушылары нөмiрдi көтере отырып бастапқы бағаны арттырады, бiрақ жарияланған қадамнан кем болмауы тиiс. Аукционшы сауда-саттықтарға қатысушылардың аукциондық нөмiрлерiн жариялайды, бағаларын бекiтедi және оны көтерудi ұсынады. Жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттықтар ұсынылған ең жоғары бағаға дейiн жүргізiледi. Жекешелендiру объектiсi үшiн бiршама жоғары баға ұсынған Қатысушыны Аукционшы жариялайды. Аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң соңғы бағасын үш мәрте қайталайды және басқа нөмiр көтерiлмеген жағдайда балғаны соғып, осы жекешелендiру объектiсiнiң сатылғандығы туралы жариялайды. Жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын, егер ең болмағанда екi қатысушы бағаны арттырудың кемiнде екi қадамына арттырған жағдайда ғана, жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттықтар өткiзiлген болып саналады. 2) Сауда-саттықтардың голланд әдiсi: Аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын жариялайды және жаңа бағаны жариялай отырып, оны мәлiмделген қадаммен төмендетедi. Аукционшы баға жарияланған кезде аукциондық нөмiрдi бiрiншi көтерген Қатысушының нөмiрiн атайды және балғаны соғып, осы жекешелендiру объектiсi бойынша оны Жеңiмпаз деп жариялайды. Егер Аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң ең төменгі бағасын жариялаған кезде Қатысушылардың бiрде-бiрi осы жекешелендiру объектiсiн сатып алуға ниет бiлдiрмесе, онда бұл жекешелендiру объектiсi сауда-саттықтардан алынады. Егер, бағаны жариялаған сәтте екi немесе одан көп нөмiр көтерiлген жағдайда, онда Аукционшы бағаны Жеңiмпаз анықталған сәтке дейiн тiркелген қадам көлемiне көтере бередi. Жарияланған қадам сауда-саттықтардың голланд әдiсi бойынша белгiленген қадамына, бiрақ ұлғайту жағына тең болуы тиiс. Егер, бағаны арттыру кезiнде өз нөмiрлерiн бiр мезгiлде көтерген сауда-саттықтарға қатысушы тұлғалардың бiрде-бiрi оны арттырылған баға бойынша сатып алуға тiлек бiлдiрмесе, онда Аукционшы жеребе тастау рәсiмiне жүгiнуге құқылы. |