Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Балық аулау ережесінің 9 және 10-тармақтарын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 566 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті және аумақтық органдардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1415 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 660-құжат): тақырыпта және 1-тармақта: «және аумақтық органдардың» деген сөздер «орган мен аумақтық бөлімшелердің» деген сөздермен ауыстырылсын; «Нысанды» деген сөз «Айырым белгілері бар нысанды» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті және аумақтық органдардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің тізбесінде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|