Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 720 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 264-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбындағы және 1, 2-тармақтардағы «қызмет көрсетудің» деген сөздер «қызметтің» деген сөзбен ауыстырылсын; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Орталық мемлекеттік органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап екі ай мерзімде Мемлекеттік қызметтің үлгі стандартына және мемлекеттік қызметтердің тізіліміне сәйкес өзінің құзыретіне кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша бөлек мемлекеттік қызметтердің стандарттарын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 662 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызметтің үлгі стандарты _____________________________________ (қызметтің атауы)
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|