Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 45, 514-құжат): 4-тармақта «Ө.Е. Шөкеевке» деген сөздер «Е.Т. Орынбаевқа» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасында: «Тұрғын үймен қамтамасыз ету» деген 5.3.3-кіші бөлімде: оныншы бөліктің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) Бағдарламаға қатысушы: «ҚТҚЖБ» АҚ-мен тұрғын үй құрылыс жинағы туралы шарт жасасады, тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй қарызын алу мақсатында тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан және пайдалануға берілгеннен кейін 5,5 жылдан асырмай «ҚТҚЖБ» АҚ-дағы есеп шотындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша ең төменгі қажетті соманы жинақтауды жүзеге асырады; ең төменгі қажетті соманы жинақтағаннан және тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша барлық шарттарды орындағаннан кейін «ҚТҚЖБ» АҚ-ға сатып алатын тұрғын үй кепілімен жылдық 4,5 % ставка бойынша тұрғын үй қарызын алу үшін құжаттарын ұсынады; 2) «ҚТҚЖБ» АҚ: Бағдарламаға қатысушымен тұрғын үй құрылыс жинағы туралы шарт жасасады, оған сәйкес Бағдарламаға қатысушы тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй қарызын алу мақсатында тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан және пайдалануға берілгеннен кейін 5,5 жылдан аспайтын мерзім ішінде «ҚТҚЖБ» АҚ-дағы есеп шотындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша ең төменгі қажетті соманы жинақтауды жүзеге асырады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|