Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шарт (2006.25.01. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 6 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2001 жылғы 2 сәуірдегі № 172-II Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілді
Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы, өз халықтарының тұрмыс деңгейін арттыру үшін экономикалық әлеуеттерін тиімді пайдаланатын жағдайда жүргізілетін әлеуметтік-экономикалық жаңартуларды келісу арқылы өздерінің серпінді түрде дамуын қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, өзара интеграция процестерін дамыту және түрлі салалардағы ынтымақтастықты тереңдету мақсатында өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бекем бел байлап, әлемдік экономика мен халықаралық сауда жүйесіне кірігу кезінде көзқарастарды үйлестіру қажеттігін пайымдай отырып, 1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы Кеден одағы туралы келісімге, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімге, 1996 жылғы 29 наурыздағы Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартқа және 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартқа сәйкес өздері қабылдаған міндеттемелерді толық деңгейде орындауға дайын екендіктерін білдіре отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысының қағидаттарына, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларына өздерінің адалдықтарын қуаттай отырып, төмендегілер туралы уағдаласты: Халықаралық ұйымды құру Осымен Уағдаласушы Тараптар "Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы" халықаралық ұйымын (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ немесе Қоғамдастық) құрады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|