Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады
ҚР Қаржы министрінің 2010.30.06. № 311 Бұйрығымен импортталған тауарлар бойынша жанама салық жөніндегі бойынша декларациямен толықтырылды (320.00 нысан)
Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық есептілігін (декларацияны) жасау
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 8-9-бөлімдеріне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Енгізу туралы Заң) 11-1, 11-2, 21, 49, 49-1-баптарына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан тауарлардың импорттаған кезде қосылған құн салығы және акциздер бойынша салық міндеттемелерін есептеуге арналған арналған осы Ережелерге (бұдан әрі - Декларация) қосымшаға сәйкес импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық есептілігін (декларацияны) жасау тәртібін айқындайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (320.00-нысан), қосылған құн салығы және акциздер бойынша салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (320.01-тен 320.13-нысандар бойынша) тұрады. 3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады. 6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|