Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Табыс етілгеннен кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдері сомаларының есебіне (101.01-нысан) және табыс етілгеннен кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдері сомаларының есебіне (101.02-нысан) қосымша Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыруға дейінгі кезең үшін төленуі тиіс аванстық төлемдер сомасының есебін және Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеуге арналған, Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыруға дейінгі кезең үшін төленуі тиіс аванстық төлемдер сомасының есебін және Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс аванстық төлемдер сомасының есебін (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есептерді корпорациялық салық төлеушілер Салық кодексінің 141-бабына сәйкес жасайды. 2. Есептерді декларацияны тапсырғанға дейін және декларацияны тапсырғаннан кейін толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 3. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Есептің тиісті торкөздері толтырылмайды. 4. Осы Есепке қосымшада мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. 5. Есепте соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде «-» белгісімен көрсетіледі. 6. Декларацияны тапсыруға дейінгі және кейінгі Есепті жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|