Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Корпорациялық табыс салығы бойынша есебіне (121.00-нысан) қосымша
Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Корпорациялық табыс сомасының салық есептілігін (есебін) жасау
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) күшіне Енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Енгізу туралы Заң) сәйкес әзірленген және сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістерді, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын орналастырудан кірістерді мәлімдеуіне және ай қорытындысы бойынша Енгізу туралы Заңның 23-бабының 4-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескерумен Енгізу туралы Заңының 23-бабына сәйкес қызмет атқаратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының корпорациялық табыс салығын есептеуге арналған корпорациялық табыс салығы бойынша есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. 2. Есепті толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 3. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Есептің тиісті торкөздері толтырылмайды. 4. Осы Ережелерде: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең арифметикалық белгілері қолданылады. 1) қағаз тасығышта - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, бас баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. 6. Есепке Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеушімен немесе оның өкілімен қол қойылады және салық төлеушінің немесе Қазақстан Республикасының заңдылығында белгіленген жағдайларда өз мөрі бар, оның өкілінің мөрімен расталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|