Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияға (230.00-нысан) қосымша
Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларациясын) жасау (2010.26.02. берілген өзгерістермен)
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке табыс салығын есептеуге арналған осы Ережелерге қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 185-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары, соттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес декларация беру бойынша міндет жүктелген жеке тұлғалар жасалады. 2. Декларация Декларацияның өзінен (230.00-нысан) және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (230.01 - 230.03 нысандар) тұрады. 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті тор көздер толтырылмайды. 5. Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде Декларацияға қосымша, міндетті толтыруға жатады. 6. Көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда Декларацияға қосымша жасалмайды. 7. Осы Ережеде мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. 8. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақтағы торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді. 1) қағаз түрінде - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады; 2) электронды түрде - Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|