Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Салық салуға байланысты құрылымдық бөлімше немесе объектілер үшін есебіне (421.00-нысан) қосымша
Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Салық салуға байланысты құрылымдық бөлімше немесе объектілер үшін есепті жасау
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және құрылымдық бөлімшесі (лері) бар акциз төлеушілердің салық салуға байланысты құрылымдық бөлімше немесе объектілер үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - енгізу туралы Заң) 21-бабына және Салық кодексінің 9-бөліміне сәйкес құрылымдық бөлімше (лер) жүзеге асырған операциялар бойынша акциз сомаларына салық салуға байланысты құрылымдық бөлімше немесе объектілер үшін акциз сомаларын есептеуіне арналған Есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. 2. Есеп Есептің (421.00 нысан) өзінен және оған салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараттарды нақтылай көрсетуге арналған қосымшалардан (нысандар 421.01-ден - 421.04-ті қоса) тұрады. 3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті тор көздер толтырылмайды. 5. Есеп қосымшалары көрсеткіштерге сәйкес ашуды талап ететін Есептегі жолдарды толтыру кезінде міндетті түрде жасалады. 6. Қосымшаларда көрсетілуге тиісті деректер жоқ болған кезде, Есеп қосымшалары жасалмайды. 7. Есеп қосымшаларының парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, Есеп қосымшаларына қосымша, қосымшалардың осыған ұқсас парағы толтырылады. 8. Осы ережеде арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|