Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Қол қойылатын бонус бойынша декларацияға (510.00-нысан) қосымша
Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қол қойылатын бонус бойынша салық есептілігін (декларация) жасау
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қол қойылатын бонус бойынша салықты есептеуге арналған, осы Ережелерге сәйкес, қол қойылатын бонус бойынша салық есептілігінің нысандарын (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Қол қойылатын бонус бойынша Декларацияны әрбір жер қойнауын пайдалануға жасалған жеке келісім-шарттар негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалар жасайды. 2. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 3. Есепте соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде «- » белгісімен көрсетіледі. 4. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. 5. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабын 3 тармағына сәйкес салық төлеушімен немесе оның өкілімен қол қойылады және салық төлеушінің немесе Қазақстан Республикасының заңдылығында белгіленген жағдайларда өз мөрі бар, оның өкілінің мөрімен расталады. 1) келу тәртібінде қағаз тасығышта нысандар екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен бірге салық органына қайтарылады; 2) хабарламалы тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады; 3) электрондық түрде - салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылдап не қабылдамағаны туралы хабарлама алады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|