Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларацияға (590.00-нысан) қосымша
Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық есептілігін (декларация) жасау
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Енгізу туралы заң) сәйкес әзірленген және пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде техногендік минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, мұнайды, минералды шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы лар жасайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (590.00-нысан) және пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеу бойынша салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (590.01, 590.02, 590.03, 590.04 және 590.05 нысандары) тұрады. 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Тиісті көрсеткіштерді нақтылауды қажет ететін Декларация жолдарын толтыру кезінде, Декларацияға қосымшалар міндетті түрде жасалады. 5. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге жататын деректер болмаған жағдайда жасалмайды. 6. Қосымша парағындағы жолдардан көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, қосымшаның осындай парағы толтырылады. 7. Сомалардың теріс мәндері Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақ торкөзінде «- » белгісімен көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|