Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуін бекіту туралы (2013.11.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 187 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2012.12.07. № 214 Бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 156-бабының 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2012.12.07. № 214 Бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелері, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуі бекітілсін. 2. Инвестициялық саясат департаменті (Б.К. Тортаев) және Заң департаменті (Д.А. Ешімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. «Қаржылық-экономикалық негіздеменің мазмұнына, әзірлеу тәртібі мен мерзіміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 3 наурыздағы № 34 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 27 наурызда № 5610 болып тіркелген). 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда Вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|