Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешектердің проблемасын шешу жөніндегі қосымша шаралар туралы (2009.11.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және шаруашылық жүргізуші субъектілерінің шетелдік ұйымдардың алдындағы берешегін өтеудің тетігі мен тәсілін жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 16.03.00 ж. № 409; 31.01.01 ж. № 154; 09.10.01 ж. № 1303; 28.12.01 ж. № 1746; 29.03.02 ж. № 371; 02.09.02 ж. № 953; 06.11.02 ж. № 1175;01.10.03 ж. № 1012; 15.10.04 ж. № 1056; 2005.02.03. № 191 (бұр. ред. қара); 2005.23.05. № 493 (бұр. ред. қара); 2006.02.06. № 498 (бұр.ред.қара); 2007.20.03. № 224 (бұр.ред.қара); 2007.02.10. № 871 (бұр.ред.қара); 2009.11.11. № 1806 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Шетелдік ұйымдардың, оның iшiнде халықаралық ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөнінде тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) мынадай құрамда құрылсын:
Құзытбаева - Қазақстан Республикасының Ажар Қилымбекқызы Әділет вице-министрі, төрағаның орынбасары Тоқсейітов - Қазақстан Республикасының Рахымберген Құрманғалиұлы Мемлекеттік кіріс бірінші вице-министрі Аханов - Қазақстан Республикасының Серік Ахметжанұлы Экономика бірінші вице-министрі Каппаров - Қазақстан Республикасының Нұрлан Жамбылұлы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі
Бектұров - Қазақстан Республикасының Азат Ғаббасұлы Көлік және коммуникация вице-министрi
2. Қоса беріліп отырған Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. "Шетелдік кредиторлардың алдындағы берешектердің проблемасын шешу жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 913 қаулысының 1, 2, 3-тармақтарының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысымен бекітілген Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы Ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 16.03.00 ж. № 409; 29.03.02 ж. № 371; 2005.02.03. № 191 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-бөлім өзгертілді Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық кодекске, "Бюджет кодексiне, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
2. Негізгі міндеттері мен функциялары
ҚР Үкіметінің 2006.02.06. № 498 қаулысымен 2-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасының шетел ұйымдары алдындағы берешек мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады. Ведомствоаралық комиссияның функциялары: - шетел ұйымдарының алдындағы берешектер бойынша материалдарды қарау; берешектерді өтеу тетігі жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды пысықтау.
3. Ведомствоаралық комиссияның органдары Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастырады, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төрағаның жоқ кезінде оның функцияларын орынбасары орындайды. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы болып табылады. Ведомствоаралық комиссияның хатшысы отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындайды, қатысушыларды отырыстың өткізілу уақыты мен орны туралы хабардар етеді және өткізілгеннен кейін олардың хаттамаларын рәсімдейді. ҚР Үкіметінің 16.03.00 ж. № 409 қаулысымен 4-бөлім өзгертілді Ведомствоаралық комиссияның отырыстарында қаралатын мәселелер тізбесі Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органының материалдарды ұсынуына қарай жасалады. Бекітілген тізбе Ведомствоаралық комиссия мүшелеріне тізім бойынша жіберіледі. Жоспарланған мәселені тізбеден алып тастау немесе оның қаралуын басқа мерзімге көшіру туралы шешімді Төраға қабылдайды. Ведомствоаралық комиссияның кезектi мәжілісiн дайындау үшiн Жұмысшы органы сұратқан материалдарды оған министрлiктер мен ведомстволар үш күн мерзiмде ұсынады. 5. Ведомствоаралық комиссияның отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі ҚР Үкіметінің 2005.02.03. № 191 (бұр. ред. қара); 2006.02.06. № 498 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 5-бөлім өзгертілді Ведомствоаралық комиссияның отырыстары қажеттілiгiне орай өткізіледі және оларды Төраға шақырады. Берешек проблемалары жөнінде шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайларда Төрағаның шақыруымен комиссияның кезектен тыс отырысының өткізілуі мүмкін. Ведомствоаралық комиссияның отырыстары ашық болып табылады және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде өткізіледі. Ведомствоаралық комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және олар үшін Ведомствоаралық комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданған болып саналады. Дауыстар тепе-тең болған жағдайда Төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазба түрде баяндалуға және отырыс қорытындылары бойынша есеп-хатқа қоса тіркелуге тиіс. Ведомствоаралық комиссияның отырыстарын өткізудің нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады. Төрағаның шақыруымен Ведомствоаралық комиссияның отырыстарына сондай-ақ мүдделі министрліктер мен ведомстволардың басшылары және өзге де лауазымды адамдары, өтініштері қаралып отырған кредиторлар қатыса алады. Ведомствоаралық комиссияның әрбір отырысынан кейін қаралған мәселелер бойынша ұсыныстарымен қоса жұмыс қорытындылары туралы есеп Премьер-Министрдің Кеңсесіне жіберіледі. Ведомствоаралық комиссия отырысына енгізілетін материалдарға қажетті жағдайда қосымша ақпараттық мәліметтер қоса беріледі. Ведомствоаралық комиссияның қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіз болып табылады.
|