Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы (2024.21.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2015.20.11. № 577 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 116-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын: ҚР Қаржы министрінің 2015.20.11. № 577 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О.Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрінің 2015.20.11. № 577 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2020.21.07. № 684 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ереже
ҚР Қаржы министрінің 2015.20.11. № 577 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.03.05. № 289 бұйрығымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Осы Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды салықтық және салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|