Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне және Қазақстан
Осы редакция 2010 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Укіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 644 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер
1. «Тарифтік саясат жөнiндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 488-құжат): 1-тармақта: Тарифтiк саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әділет министрi енгiзiлсiн; көрсетiлген комиссия құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын. 2. «Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетілдiру туралы» Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөніндегi мемлекеттік комиссиясының құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әділет министрi енгiзілсiн; көрсетiлген комиссияның құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын. 3. «Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын жасау бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2002 жылғы 8 шілдедегi № 738 қаулысына: Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын жасау бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссияның құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әділет министрi комиссия төрайымы болып енгiзiлсiн; көрсетiлген комиссияның құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын. 4. «Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1272 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 48, 610-құжат): көрсетiлген қаулыға қосымшада: Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі комиссияның құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi енгiзiлсiн; көрсетiлген комиссияның құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын. 5. «Мемлекеттік органдардың функцияларын зерделеу және бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту бойынша ұсынымдар әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 254-ө өкіміне: мемлекеттік органдардың функцияларын зерделеу және бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту бойынша ұсынымдар әзiрлеу жөнiндегі жұмыс тобының құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жетекшiнің орынбасары болып енгiзiлсiн; көрсетілген жұмыс тобының құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын. 6. «Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 287-ө өкіміне: көрсетiлген өкiмге 2-қосымшада: Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының әкiмшілiк реформасын iске асыру мәселелерi бойынша заңнамалық кесiмдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегi жұмыс тобының құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жетекшi болып енгiзiлсiн; көрсетiлген жұмыс тобының құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын. 7. «Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру және алға жылжыту жөніндегі ақпараттық-насихаттау топтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 26 наурыздағы № 68-ө өкімiне: көрсетiлген өкiмге 1-қосымшада: Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша өңiрлерде түсiндiру жөніндегі ақпараттық-насихаттау топтарының құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жетекшi болып енгiзiлсiн; көрсетiлген топтың құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын; көрсетiлген өкiмге 2-қосымшада: Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру жөніндегі ақпараттық-насихаттық топтардың жол жүру кестесiнде, Оңтүстік Қазақстан облысы: реттiк нөмiрi 7-жолдың «Т.А.Ә» бағанында «О.И. Жұмабеков» деген сөздер «З.Я. Балиева» деген сөздермен ауыстырылсын.
|