ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 661 бұйрығымен бекітілген
«Вирустық гепатиттермен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы
1. Осы санитариялық ереже жіті және созылмалы вирустық гепатиттердің (бұдан әрі - вирустық гепатиттер) пайда болуы мен таралуының алдын алуды қамтамасыз ететін санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Осы санитариялық ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылды: 1) инкубациялық кезең - вирустың организмге түскен сәтінен бастап аурудың симптомдары білінгенге дейінгі уақыттың бір бөлігі; 2) жіті вирустық гепатит (А, Е, В, С, Д) - бұл өзіндік маркерлер бар болғанда ұзақтығы 6 айдан аз бауырдың жіті қабынуы; 3) эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеп-қарау - халықтың жекелеген топтары арасында, белгілі бір аумақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты және эпидемиологиялық тексеру жүргізу кезінде (жұқтыру тәуекелі факторларын, берілу жолдарын және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу үшін) вирустық гепатиттер туралы алынған ақпараттар негізінде адамдарды зерттеп-қарау; 4) вирустық гепатит ошағы - науқас адамнан вирус сезімтал адамдарға беріле алатын шектерде оны қоршаған аумағы бар вирустық гепатитпен ауыратын науқастың болатын орны; 5) парентералдық механизм - инфекцияның қан құю кезінде, тері жамылғылары мен шырышты қабықшалардың бүтіндігінің бұзылуымен қоса жүретін инъекциялар және басқа да манипуляциялар кезінде, сондай-ақ анадан балаға босану жолдары арқылы өту кезінде берілуі; 6) ремиссия - аурудың көріністерінің уақытша әлсізденуі немесе жоғалуымен сипатталатын аурудың өту кезеңі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|