Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды
«Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 228 бұйрығын қараңыз
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 34-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану тәртібі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қазандағы № 1040 қаулысымен бекітілген
Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану тәртібі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 34-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. Осы Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарда және оны қолдану тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: 1) абоненттік терминал - байланыс желілері бойынша дабыл беру арқылы объектінің орналасу орнын айқындауға мүмкіндік беретін спутниктік навигация жүйесінің қондырғысы; 2) диспетчерлік орталық - Қазақстан Республикасында тіркелген спутниктік навигация қызметтерін көрсету операторы; 3) штаттық режим - белгіленген уақыт параметрлеріне сәйкес көлік құралының орналасқан жері туралы дабыл берілетін абоненттік терминалдың жұмыс режимі; 4) штаттан тыс режим - көлік құралының орналасқан жерін анықтау мүмкіндігі болмаған не дабыл беру белгіленген уақыт параметрлері бұзылған жағдайдағы абоненттік терминалдың жұмыс режимі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|