Агент пен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру төлемдерiн (2009.30.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 8 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Агент пен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгi нысаны бекiтілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2006.24.10. № 1019 Қаулысымен үлгі нысаны жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 тамыздағы № 863 қаулысымен бекітілген
Агент пен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгі нысаны
Бұдан әрі «Агент» деп аталатын ____________________________________________________________________________________________ атынан Жарғы негізінде әрекет ететін басқарма төрағасы ____________ __________________ бір тараптан және бұдан әрі «Сақтандырушы» деп аталатын __________________________________________ атынан Жарғы, 200 жылғы «___ «________»жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензия негізінде әрекет ететін _______________________ екінші тараптан, бұдан әрі «Тараптар» деп аталатындар мына төмендегілер туралы осы шартты жасасты.
1. Сақтанушылар заңнаманың талаптарын және осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда оған қолайсыз табиғат құбылысының салдарынан туындаған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шеңберіндегі сақтандыру жағдайлары бойынша сақтанушыларға белгіленген тәртіппен төленген соманың бір бөлігін Сақтандырушыға өтеу.
2. Өзара есеп айырысу тәртібі мен талаптары
2. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалатын бюджет қаражатын бөлу жолымен, қолайсыз табиғат құбылыстарының салдарынан туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандырушыларға сақтандыру төлемінің елу пайызын өтеу үшін және агенттің қызметіне ақы төлеу үшін жүзеге асырылады. 3. Агент Сақтандырушыға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінген қаражат есебінен мына төмендегі барлық жағдайлар басталғанда сақтандыру төлемдерінің бір бөлігін өтеуді жүргізеді: сақтандыру жағдайы басталған және өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы шартқа сәйкес Сақтандырушы Сақтанушы алдындағы сақтандыру төлемі бойынша міндеттемелерді толық орындаған жағдайда; осы шарттың 4-тармағында көзделген, сақтандыру жағдайының басталуын және Сақтандырушының сақтанушыға нақты жүргізілген сақтандыру төлемдерін растайтын құжаттарды Сақтандырушы міндетті түрде ұсынған кезде. ҚР Үкіметінің 2009.30.10. № 1728 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды 3-1. Агент сақтандыру төлемдерінің бір бөлігін өтеуді сақтандыру жағдайы басталған сәтте қолданыста болған шарттың негізінде жүзеге асырады 4. Жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін Агенттің өтеуі Сақтандырушыдан мынадай құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтініш алынған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі: 1) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі; 2) жүргізілген сақтандыру төлемін растайтын құжаттар (төлем тапсырмасы - түпнұсқа, сақтандырушының мөрімен куәландырылған шығыс ордерінің телнұсқасы); 3) сақтандыру төлемін сот шешімі бойынша жүзеге асырған жағдайда күшіне енген сот шешімінің көшірмесі қоса беріледі; 4) егіс ішінара жойылған жағдайда сақтандырушы куәландырған бағалау кірісін бағалау туралы құжаттың көшірмесі. 4-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға осы шарттың 4-тармағында көзделген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда көрсетілген құжаттар сақтандырушыға ескертулерді жою үшін қайтарылады. Бұл ретте Сақтандырушыға жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу мерзімі Агент құжаттарды қайта алған сәттен бастап есептеледі, бірақ жеті жұмыс күнінен аспауы тиіс. 4-2. Сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындаудың дұрыстығына жауапты болады.
3. Агенттің құқықтары мен міндеттерi
5. Агенттің: 1) Сақтандырушы Агентке көрінеу жалған мәліметтерді хабарлаған және (немесе) берген жағдайда Сақтандырушыға жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеуден бас тартуға; 2) Сақтандырушыдан өз құқықтары мен міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде сақтандыру құпиясы бар мәліметтерді сұратуға құқығы бар. 1) Сақтандырушылар мен сақтанушыларға өсімдік шаруашылығы өнімдерінің белгілі бір түрін өндіруге арналған шығындардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормативтері туралы ақпаратты жеткізуге; 2) қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған өсімдік шаруашылығы өнімі өндірілетін алқаптардың көлемін анықтау жөніндегі жұмысты қолайсыз табиғи құбылысы басталған жағдайда комиссия құрамында жүргізуге міндетті. 7. Агенттің Қазақстан Республикасының заңнамасында өзіне жүктелген өзге де міндеттері бар.
4. Сақтандырушының құқықтары мен міндеттерi
8. Сақтандырушы осы шарттың талаптарында Агенттен өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінген қаражаттан сақтандыру төлемінің бір бөлігінің өтемін алуға құқылы. 1) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жүргізу жөніндегі статистиканы жүргізу мен жинауға және оны Агентке оның талабы бойынша беруге; 2) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге; 3) өзі тартқан бағалаушының (тәуелсіз сарапшының) қызметіне ақы төлеуге; 4) жүргізілген сақтандыру төлемі мен оның мөлшеріне қатысты барлық сот шешімдері және (немесе) айқындаулар туралы олар шығарылған күннен бастап үш күн мерзімде Агентті хабардар етуге; 5) қолайсыз табиғат құбылыстары басталған кезде қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған алқаптарды анықтау жөніндегі зерттеулерді жүргізу үшін Сақтандырушының өтініші бойынша жергілікті атқарушы орган құрған комиссия құрамына өзінің өкілін жіберуге міндетті. ҚР Үкіметінің 2009.30.10. № 1728 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10. Сақтандырушы Агентке өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша және мерзімдерде электронды және қағаз тасығыштарда ақпарат береді. 11. Сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.
12. Осы шарт бойынша барлық даулар заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі. 13. Осы шарт тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалды. 14. Шарт тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және оны жасаған күннен бастап он екі ай бойы қолданыста болады.
Сақтандырушы: Агент:
200__жылғы «__»______ №__ агент пен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы ақпарат
Облыстар, аудандар, сақтанушылар бөлінісінде күшіне енген өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру/ шарттары туралы ақпарат (________ жылғы жағдайы бойынша)
|