«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдарына функциялар табыстау туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 11 қарашадағы № 340-НҚ бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына және 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдарына функциялар табыстау туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 4 мамырдағы № 151-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа берілген қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 2. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдарына функциялар табыстау туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 4 мамырдағы № 151-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 266-НҚ бұйрығы күші жойылсын. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Е.К.Құдайбергеновке жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|