Қызылорда облысы, Шиелі аудандық сотының 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 3-928 Қаулысы
Қызылорда облысы, Шиелі аудандық сотының судьясы Ғ.Алмахан, аудан прокурорының аға көмекшісі М.Әлиеваның, құқық бұзушы Ә.Тәжібаевтың қатысуларымен, аудандық сот залында, өзінің ашық сот отырысында құқық бұзушылық жасаған азамат, Тәжібаев Әбибулла Рахметұлы- 25.05.1952-жылы Қызылорда облысында туылған, ұлты қазақ, ҚР азаматы, жанұялы, жеке куәлігі 005517929, СТНН 330810083401, бұрын әкімгершілік жауапкершілікке тартылмаған, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы тұрғыны, әкімшілік істі қазақ тілінде жүргізуді сұраған, қорғаушы көмегін қажет етпеген, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 368-бабының 1-бөлігімен жинақталған әкімшілік ісін қарап шығып, АНЫҚТАҒАНЫ: Құқық бұзушы Тәжібаев Әбибулла Рахметұлы 9-қыркүйек 2010-жылы, сағат 10.30-минут шамасында, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылында дара ұңғылы 20-калибрлі, №Т-31590-санды аңшы мылтығын ішкі істер органдарының рұқсатынсыз азаматтық қаруды сақтап, яғни ол ҚР ӘҚБтК-нің 368-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған. Құқық бұзушы Тәжібаев сотта өз кінәсін толық мойындап, өзінің әкемнен қалған дара ұңғылы 20-калибрлі, №Т-31590-санды аңшы мылтығын сақтап, құқық бұзғанын толық мойындайтынын, іс-әрекетіне шын жүректен қынжыла өкінетінін, енді мұндай жағдайлар қайталанбайтынын, бір білместік болғанын, кешірім сұрайтынын көрсетті. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|