ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 6 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілді
«Тамақ өнімдеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
1. «Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелері (бұдан әрі - санитариялық ережелер) тағамдық шикізаттар мен тағам өнімдерінің барлық түрлеріне таралады және адамдарға арналған тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығының гигиеналық нормативтерін анықтайды. 2. Осы санитариялық ережелер тағамдық өнімдер мен тағамдық шикізаттарды шығарумен, шеттен әкелумен және сатумен шұғылданатын заңды және жеке кәсіпкерлерге, сонымен қатар мемлекеттік бақылау органдарына арналған. 3. Осы санитариялық ережелер тағамдық өнімдерді жасау және өнімнің жаңа түрлерін өндіріске қою, оны қайта жасау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, елге алып келу және тағамдық шикізаттар мен тағамдық өнімдерді сату кезінде оларға қойылатын гигиеналық талаптардан тұрады. 4. Осы санитариялық ережелерде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылды: 1) контаминанттар - тағам өнімдеріне түскенде, оларды адам денсаулығына қауіпті және қолдануға жарамсыз ететін басқа текті биологиялық және химиялық заттар; 2) патогенді микрофлора - адам, жануар және өсімдік ауруларын тудыруға қабілетті микроағзалар; 3) пробиотикалық өнімдер - тірі пробиотикалық микроағзалар мен пробиотиктерді қосу арқылы дайындалған тағамдық өнімдер; 4) пробиотикалық микроағзалар - адамның асқорыту жолындағы микрофлоралардың биологиялық белсенділігін, қалыпты құрамын сақтап, қалыпты ішек микробиоценозын қорғау тобына жататын және табиғи симбиотикалық ассоциацияларын беретін ауру және уландырғыш қасиеті жоқ тірі микроағзалар (Bifidobacterium, Lactobacillus, Lactococcus, Propionibacterium және басқалары); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|