Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық компаниялардың ақша-кредиттік және қаржылық шолуын жасау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беретін есебінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 438 қаулысымен қайталауды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының осы қаулының қосымшасына сәйкес қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге және ипотекалық ұйымдарға жіберсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 81 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылды деп танылатын қаулыларының тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|