Осы редакция 2010 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысымен бекітілген
«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»
1. Жалпы ережелер
1. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік беру тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабының 5-тармағы 10) тармақшасы мен «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығы негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Аккредиттеу ережесі). 4. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 552-кабинет, электрондық мекенжайы www.minfin.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - ҚБК) көрсетеді. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны болып бес жыл мерзімге берілетін және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылатын бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру табылады. 6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға - бухгалтерлер мен бухгалтерлік ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарға көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш пен осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған сәттен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайды. Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік алу үшін осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 15 минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|