«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлiк-техникалық орталығы»
Осы редакция 2010 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы және «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлiк-техникалық орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша) Кәсiпорынның мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн. 3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi электрондық сайлау жүйесi инфрақұрылымының объектiлерi торабын ұстау және дамыту саласында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекітуге енгiзсiн; 2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 003 «Инженерлiк-техникалық орталық құру» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде Кәсiпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын. 6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi құрылған Кәсiпорынға және оның аумақтық филиалдарына жабдықтар мен инженерлiк-техникалық персоналды орналастыруға қажеттi санда жалдау негiзiнде қызметтiк алаңдар берсiн. 7. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «Мемлекеттік монополия субъектiлерiнiң және осы субъектiлер монополиялық жағдайда болатын салалардың тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 304 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік монополия субъектiлерiнiң және осы субъектiлер монополиялық жағдайда болатын салалардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 17-жолмен толықтырылсын: 17 Электрондық сайлау жүйесi »Қазақстан Республикасы Орталық инфрақұрылымы объектiлерiнiң сайлау комиссиясының Инженерлiк- торабын ұстау және дамыту техникалық орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны; 2) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 532-жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 532 »Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлiк- техникалық орталығы» (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) республикалық мемлекеттік кәсiпорны Астана қаласы 8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
|