Лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидасын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 661 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабы 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1171 қаулысымен бекітілген
Лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» (бұдан әрі - Заң) 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Ақпараттандыру туралы» (бұдан әрі - Ақпараттандыру туралы заң) 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленген және лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімі (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензияларға және (немесе) лицензияларға қосымшалар туралы мәліметтерді орталықтан жүйелеу мақсатында жүргізіледі.
2. Мемлекеттік тізілімді жүргізу тәртібі
3. Мемлекеттік тізілім оның ажырамас бөлігі болып табылатын лицензиардың электрондық тізілімін (бұдан әрі - Лицензиар тізілімі) жүргізу арқылы құрылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|