Кітапхана қорларын сақтау және пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы
Осы редакция 2010 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Кітапхана қорларын сақтау және пайдалану жөніндегі Ереже бекітілсін. 2. Тарихи-мәдени мұра департаменті белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы
Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығымен бекітілген
Кітапхана қорларын сақтау және пайдалану жөніндегі ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және мемлекеттік кітапханаларда сақталатын құжаттардың сақталуы мен тиімді пайдалануын ұйымдастырудың тәртібін анықтайды. 2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кітапханаларының кітапхана қоры мемлекеттің меншігі болып табылады және оның қорғауында болады. 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кітапханаларының кітапхана қоры мемлекет қарамағынан алынуға және жекешелендіруге жатпайды. 4. Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қоры баспа басылымдарын (кітаптар, кітапшалар, газеттер, журналдар) (бұдан әрі - баспа басылымдары) және материалдарды (CD-дискілер, дискеттер, флэш-порттар, микрофильмдер, аудио және видеобасылымдар) (бұдан әрі - материалдар) құрайды.
2. Қордың сақталуын оны жинақтау және қолдану барысында қамтамасыз ету
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|