|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 және 2006 жылғы 2 наурыздағы
Осы редакция 2010 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
көрсетілген құрамнан Асқар Болатұлы Баталов, Ғалымжан Олжаұлы Пірматов, Дулат Рашитұлы Құсдәулетов, Саяхат Алпысұлы Қонақаев, Дәулет Еділұлы Ерғожин, Кенжебек Ниязұлы Ибрашев шығарылсын; 2) «Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулысында: көрсетілген қаулымен құрылған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
мына:
деген жолда «министрлігінің Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаменті директорының орынбасары» деген сөздер «министрлігі Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаментінің директоры» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген құрамнан Асқар Болатұлы Баталов, Саяхат Алпысұлы Қонақаев, Еділ Құламқадырұлы Мамытбеков, Дархан Әбдіманапұлы Бәкіров, Әуесбек Зпашұлы Тәутеев, Ерлан Баққожаұлы Мұқай шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |