2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама
ҚР 2011 жылғы 9 қарашадағы № 489-ІV Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 15-бабына сәйкес, төмендегілер туралы келісті:
Шарттың 6-бабы мынадай редакциядағы оныншы абзацпен толықтырылсын: «Кеден одағының және оның органдарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Комиссия жеке мәселелер бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұсыныстарын қарау және ұстанымдарын келісу, сондай-ақ Комиссияға тиісті ұсынымдар әзірлеу үшін үйлестіруші және консультативтік органдар құруға құқылы.».
Шарттың 8-бабы мынадай редакцияда жазылсын: «8-бап Комиссияның міндетті сипаты бар шешімдері ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді, ал жедел реттеуді талап ететін ерекше жағдайларда Комиссия шешімінде оның күшіне енуінің өзге, бірақ мұндай шешімнің ресми жариялану күнінен бұрын болмайтын мерзімі көрсетілуі мүмкін.».
Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері арқылы шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, дау Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға беріледі.
Осы Хаттама ратификациялауға жатады және қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|