|
|
|
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында iшкi iстер органдарының қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 233-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацында: «халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға» деген сөздерден кейін «, жайларға, ғимараттарға» деген сөздермен толықтырылсын; «не жылжымалы темір жол құрамын» деген сөздер «, жылжымалы темір жол құрамын не өзге де қоғамдық көлікті» деген сөздермен ауыстырылсын; тақырыбы мен бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «238-бап. Үйлерге, ғимараттарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау 1. Үйлерге, ғимараттарға, қатынас және байланыс құралдарына, өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау, сол сияқты оларды басып алу - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; екінші бөлікте: д) тармақшасындағы «арқылы жасалса -» деген сөздер «арқылы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы е) тармақшасымен толықтырылсын: «е) мемлекеттік органдардың немесе мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына қатысты жасалса, -»; екінші абзацтағы «бес» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 333-бап мынадай редакцияда жазылсын: «333-бап. Байланыс желiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді күзету қағидаларын бұзу және орындамау 1. Қалааралық байланыстың кабель желiсiнің бүлiнуiне әкеп соқтырған байланыс желiлерiн күзету қағидаларын бұзу, егер ол байланыстың үзiлуiне алып келсе, - жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады. 2. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер ғимараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу, егер бұл оларды басып алуға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған болса, - үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.». 2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж, № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж, № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 147-бапта: бірінші бөліктегі «балалар мекемесі» деген сөздер «мекеме» деген сөзбен ауыстырылсын; үшінші бөліктегі «балалар мекемелері» деген сөздер «мекемелер» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 484-баптың екінші бөлігіндегі «балалар мекемесінде» деген сөздер «мекемеде» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 490-бапта: тақырыбындағы және мәтіні бойынша «балалар мекемесiне» деген сөздер «мекемеге» деген сөзбен ауыстырылсын; екінші сөйлем алып тасталсын. 3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 23 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 330-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.»; 2) 333-бап мынадай редакцияда жазылсын: «333-бап. Тыныштықты бұзу 1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланыссыз шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - екі, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған осындай iс-әрекет - жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 3) 336-бапта: бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi» деген сөздер «бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.»; 4) 336-2-бап мынадай редакцияда жазылсын: «336-2-бап. Қоғамдық орындарда есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды медициналық тұрғыдан тыс тұтыну 1. Қоғамдық орындарда есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды медициналық тұрғыдан тыс тұтыну - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, қоғамдық орындарда есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды медициналық тұрғыдан тыс тұтынғаны үшiн бiр жыл iшiнде екi рет әкiмшiлiк жазаға тартылған адам жасаған әрекет он бес тәулiкке әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.»; 5) мынадай мазмұндағы 336-4-баппен толықтырылсын: «336-4-бап. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы 1. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуы - заңды өкiлдерiне ескертуге әкеп соғады. 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет - заңды өкiлдерiне бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 6) 371-бап мынадай редакцияда жазылсын: «371-бап. Азаматтық және қызметтiк қаруды тiркеу (қайта тiркеу) тәртібін не оны есепке қою тәртібін бұзу 1. Мынадай: 1) жеке тұлғаның қаруды сатып алғаннан кейiн тiркеу және оны сақтауға және (немесе) алып жүруге рұқсат алу; 2) жеке тұлғаның азаматтық қаруды сақтауға және (немесе) алып жүруге рұқсатты ұзарту туралы iшкi iстер органына өтiнiш беру; 3) қару иесiнiң өзіне тиесiлi қарудың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы iшкi iстер органын хабардар ету; 4) жеке тұлғаның тұрғылықты жерiн өзгерткен кезде қаруды есепке қою үшiн iшкi iстер органдарына өтiнiш беру; 5) заңды тұлғалардың қызметтiк және (немесе) азаматтық қаруды сатып алғаннан кейiн оны iшкi iстер органдарында тiркеу мерзiмдерiн бұзу арқылы азаматтық және қызметтiк қаруды тiркеу (қайта тiркеу) тәртібін не оны есепке қою тәртібін бұзу - жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер - жеке тұлғаларға - қаруы ақылы түрде алып қойылып, он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 7) 531-бапта: орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; бірінші бөлікте: орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; екінші абзацта: «айлық есептiк көрсеткiштiң: жеке тұлғаларға - үштен беске дейiнгi мөлшерiнде», «бестен онға дейiнгi мөлшерiнде», «жиырмадан жиырма беске дейiнгi» сөздер тиісінше «жеке тұлғаларға - бес», «он», «жиырма бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; екiншi бөлiкте: бiрiншi абзацтағы «жеке немесе» деген сөздер алып тасталсын; екiншi абзацта: «айлық есептiк көрсеткiштiң: жеке тұлғаларға - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде,» деген сөздер алып тасталсын; «он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде», «жиырма бестен отызға дейiнгi» деген сөздер тиісінше «жиырма», «отыз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын; орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; 8) 541-бапта: бiрiншi бөлiк «336-1 (үшiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейiн «336-2 (үшiншi бөлiгiнде),» деген сөздермен толықтырылсын; 1-1-бөлiктiң 2) тармақшасы «336-3 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейiн «336-4 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздермен толықтырылсын; 9) 543-бапта: бiрiншi бөлiктегi «336-2, 336-3 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздер «336-2 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-3 (бiрiншi бөлiгiнде), 336-4 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi бөлiкте: 2) тармақша «336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде),» деген сөздерден кейiн «336-4 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақша «336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде),» деген сөздерден кейiн «336-4 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздермен толықтырылсын; 10) 636-баптың бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының екінші абзацындағы «336-3 (екiншi бөлiгi)» деген сөздер «336-2 (үшiншi бөлiгi), 336-3 (екiншi бөлiгi), 336-4 (екiншi бөлiгi)» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат): 1) 53-баптың 1-тармағында: 2) тармақша мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын: «көшi-қон iс-шаралары;»; 6) тармақшаның он үшінші абзацындағы «көшi-қон iс-шаралары» деген сөздер «оралмандарға әлеуметтік көмек көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 54-бапта: 1-тармақта: 2) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «уақытша ұстау изоляторларының, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгiлi тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтiк жануарларға арналған питомниктердiң жұмыс iстеуi;»; 3) тармақша мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын: «кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуі;»; 4) тармақшаның екінші абзацы «қоспағанда,» деген сөзден кейін «уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 55-бапта: 1-тармақта: 2) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «уақытша ұстау изоляторларының, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгiлi тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтiк жануарларға арналған питомниктердiң жұмыс iстеуi;»; 3) тармақша мынадай мазмұндағы он сегізінші абзацпен толықтырылсын: «кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуі;»; 4) тармақшаның екінші абзацы «қоспағанда,» деген сөзден кейін «уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын. 5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар, № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 4 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 471-баптың кестесi 1.54-жолының 2-бағанындағы «жеке және» деген сөздер алып тасталсын. 6. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат): 1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 43-1) және 107-1) тармақшалармен толықтырылсын: «43-1) детоксикация - адам организмінен алкогольді шығаруға бағытталған медициналық іс-шаралар кешені;»; «107-1) уақытша бейімдеу - адамды масаң күйінен шығару және оны қоршаған орта жағдайларына бейімдеу жөніндегі процесс;»; 2) 9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «азаматтардың» деген сөздің алдынан «уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 10-баптың 3) тармақшасы «шеңберiнде» деген сөзден кейін «уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын. 7. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Iшкi әскерлерi туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат): 1) 8-баптың үшiншi абзацы алып тасталсын; 2) 10-бапта: бесiншi абзац алып тасталсын; оныншы абзац «Iшкi әскерлердiң жоғары» деген сөздердiң алдынан «Iшкi әскерлер Қолбасшысының орынбасарларын,» деген сөздермен толықтырылсын. 8. «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат): 1) 2-баптың 1-тармағында: 9) тармақшадағы «, жеке адамдарды» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын: «10-1) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалауды, әзірлеуді және берудi жүзеге асыру; 10-2) азаматтарды есепке алуды және тiркеудi Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен жүзеге асыру; 10-3) босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;»; 2) 4-2-бапта: бірінші бөлік «анықтау және жолын кесу,» деген сөздерден кейін «өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге асыру,» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктегі «табиғат қорғау және мал дәрiгерлiк полиция, жол полициясы» деген сөздер «табиғат қорғау және ветеринариялық, көші-қон және жол полициясы» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 5-1-бапта: 1-тармақ: мынадай мазмұндағы 36-1), 36-2), 36-3), 39) және 40) тармақшалармен толықтырылсын: «36-1) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және тоқтату рәсімдерін, пана іздеген адамның куәлігін беруді жүзеге асырады; 36-2) босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау тәртібін, пана іздеген адам куәлігінің үлгілерін бекітеді; 36-3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасынан шетелге жұмысшы күшін әкетуге байланысты қызметке лицензияларды береді, тоқтата тұрады;»; «39) кандидатураны әкiмшiлiк учаске халқымен жариялы түрде талқылау ескеріліп, учаскелiк полиция инспекторларын тағайындау тәртібін айқындайды; 40) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 2-тармақта: 22) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын: «26) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 3-тармақта: 7) тармақшадағы «медициналық айықтырғыштардың,» деген сөздер алып тасталсын; 8) тармақша алып тасталсын; 4) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «6-1-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiктерi 1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары: 1) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ұйымдастырады; 2) қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өңiрлiк бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз етедi; 3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен лимиттер шегiнде облыстық бюджеттер және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерi есебiнен қамтылатын әкiмшiлiк полицияның штат санын ұстауды қамтамасыз етедi; 4) жанар-жағармай материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органдарының коммуналдық қызмет көрсетуге, электр энергиясына, жылу беруге және байланыс қызметiне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қоса алғанда, аумақтық органдар аппараттарына электрондық почта қызметiн көрсетуге жұмсалатын шығындарды қоспағанда, қызметтiк үй-жайлары мен көлiк құралдарын ұстауды, оларға қызмет көрсетудi және жөндеудi қамтамасыз етедi; 5) учаскелiк полиция инспекторларын олар қызмет көрсететiн учаскелерде жиhазбен, байланыс құралдарымен жабдықталған жұмысқа арналған үй-жаймен, сондай-ақ көлiк құралдарымен қамтамасыз етедi;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |