Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы (2009.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар) 2-тарау. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, (5 - 31 баптар) прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi мемлекеттік реттеу мен ұйымдастыру және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл 3-тарау. Нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын (32 - 37 баптар) адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету 4-тарау. Қорытынды ережелер (38-бап)
Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi. ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 31.05.02 ж. № 327-II Заңына сәйкес 1-бап өзгертілді ; 2006.02.03 № 130-III ҚР Заңымен 1- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1-бап. Негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бөлшек сауда - дәрігердің рецепті бойынша жеке тұтыну үшін есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды даралап немесе шағын көлемде сату; 2) есірткілер - есірткі немесе психотроптық заттар ретінде жіктелген, оларды теріс пайдаланғанда туындауы мүмкін зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшін ықтимал қаупі бар, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген өсімдіктер, заттар немесе препараттар; 3) есірткі заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер жөніндегі 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулерімен қоса 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар; 4) есірткі және психотроптық зат тектестер - құрылымы мен қасиеттері жағынан І, II, III кестелерге енгізілген заттарға ұқсас, еліртетін, күйзелтетін немесе жалған елес күйіне түсіретін, химиялық құрылымы мен қасиеттері бар, оларды теріс пайдаланған кезде халықтың денсаулығы үшін қауіпті және осы Заңмен және БҰҰ-ның халықаралық Конвенцияларымен есірткі немесе психотроптық заттар ретінде бекітілмеген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар; 5) есірткі, психотроптық заттармен және прекурсорлармен қамтамасыз ету нормативі (бұдан әрі - қамтамасыз ету нормативі) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сату үшін заңды тұлғаларға рұқсат етілген белгілі бір есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны; 6) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы - құрамында есірткі бар өсімдіктерді егуге, жинауға және дайындауға, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеуге, өндіруге, өңдеуге, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға, жоюға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рұқсат етілген және бақылау жасалатын қызмет түрлері; 7) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - өзіне берілген құзырет шегінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және оны жүзеге асыруды үйлестіретін орган; 8) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу мен әкету - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке өткізілуі; 9) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындау - өндіруді қоспағанда, жүргізілуінің көмегімен есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың алынуы мүмкін барлық процестер, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың басқа есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға айналдырылуы; 10) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы; 11) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру - химиялық заттардан және (немесе) өсімдіктерден не басқа есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардан есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды сериялап алуға бағытталған процесс; 12) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеу - нәтижесінде тазартылатын (бөгде қоспалардан тазартылатын), препараттағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың концентрациясын арттыратын іс-әрекет, сондай-ақ олардың негізінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар болып табылмайтын заттар алу; 13) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалану - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды мақсатқа сай қолдану; 14) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау мен жөнелту - тасымалдау тәсіліне және сақталатын орнына қарамастан Қазақстан Республикасы шегінде есірткі, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардың орнын ауыстыру жөніндегі кез келген іс-әрекеттер; 15) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтыну нормативі (бұдан әрі - тұтыну нормативі) - нақты заңды тұлғалардың тұтынуы үшін қажетті, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәлімделген белгілі бір есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны; 16) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзиті - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке үшінші мемлекеттің аумағы арқылы өткізілуі; 17) есірткі немесе психотроптық заттарды теріс пайдалану (есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтыну) - есірткі немесе психотроптық заттарды дәрігердің тағайындауынсыз қасақана заңсыз тұтыну; 18) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз айналымда жүргені анықталған шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы органдары айқындайтын және кейіннен әкімшілік не қылмыстық жауаптылықтың туындауына негіз болып табылатын (шағын, ірі, өте ірі) мөлшердегі белгіленген түрлерінің тізбесі (2-қосымша); 19) көтерме сауда - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың ірі топтарын сату; 20) Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімі (бұдан былай - Тізім) - халықаралық Конвенциялар негізінде нөмірленген және тиісті кестелер мен тізімге біріктірілген, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізбесі (1-қосымша); 21) құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру - апиын көкнәрі мен сораны (каннабисті), халықаралық Конвенцияларға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген, құрамында есірткі бар басқа да өсімдіктерді егу және өсіру; 22) құрамында есірткі, психотроптық заттар бар өсімдіктерді жинау - халықаралық Конвенцияларға сәйкес Тізімге енгізілген, құрамында есірткі бар жабайы өсетін немесе егілетін өсімдіктерді жинау; 23) мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелері - заңда белгіленген тәртіппен наркологиялық көмек көрсететін мекемелер (орталықтар, ауруханалар, диспансерлер, бөлімшелер немесе кабинеттер); 24) мәжбүрлеп емдеу - нашақорлықпен ауыратын адамды ерікті түрде емделуден жалтарған не есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтынуын жалғастырған жағдайда сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын стационарлық емдеу; 25) медициналық куәландыру - есірткіден мастану күйін анықтау мақсатында адамды амбулаториялық тексеру; 26) медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден немесе емдеуден жалтару - есірткі немесе психотроптық заттарды теріс пайдаланушы адамның құқық қорғау органдары қызметкерінің медициналық куәландыруға немесе тексеруге қатысты өкімін қасақана орындамауы, сондай-ақ дәрігердің белгілеулері мен ұсынымдарын орындамауы; 27) медициналық тексеру - "нашақорлық" деген диагноз қою немесе оны теріске шығару мақсатында адамды стационарлық жағдайда тексеру; 28) нашақорлық - организмнің физикалық және психикалық функцияларының қатты бұзылуына әкеп соқтыратын есірткі немесе психотроптық заттарға не сол тектестерге тәуелді болуға байланысты ауру; 29) нашақорлықпен ауыратын адам (нашақор) - қандай да болсын есірткі, психотроптық заттарға немесе сол тектестерге физикалық және (немесе) психикалық тәуелді, белгіленген тәртіппен медициналық мекеме "нашақорлық" деген диагноз қойған адам; 30) өз еркімен емдеу - нашақорлықтан, уытқұмарлықтан немесе есірткіге шектен тыс салынудан науқастың өзінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен емдеу; 31) прекурсорлар - есірткі және психотроптық заттарды өндіру, дайындау, өңдеу кезінде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның ішінде БҰҰ-ның Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1988 жылғы Конвенциясына сәйкес бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген заттар; 32) препарат - Тізімге енгізілген, құрамында бір немесе бірнеше есірткі, психотроптық заттар немесе прекурсорлар бар кез келген физикалық күйдегі қоспа; 33) психотроптық заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның ішінде 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар; 34) уәкілетті органдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өздеріне берілген құзырет шегінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар; 35) уытқұмарлық - есірткі және психотроптық заттардың әсеріне ұқсас психикалық елірме әсер туғызатын және республикалық заңнамалық актілер мен халықаралық Конвенциялардың Тізімдеріне енбейтін дәрілік препараттар мен табиғаты әртүрлі дәрілік емес заттарды шектен тыс пайдалану.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 31.05.02 ж. № 327-II ; 2006.02.03 № 130-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды жiктеу 1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар Қазақстан Республикасында бақылауға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiледi. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмi ұсынылып отырған төрт кестеден және тізімнен тұрады. I Кестеге осы Заңның 18, 19, 20-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына және БҰҰ-ның 1961, 1971 жылдардағы халықаралық Конвенцияларына сәйкес Қазақстан Республикасында айналымына тыйым салынған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi. II Кестеге Қазақстан Республикасының заңдарына және БҰҰ-ның 1961, 1971 жылдардағы халықаралық Конвенцияларына сәйкес айналымы шектеулi және қатаң бақылауда тұрған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi. III Кестеге Қазақстан Республикасының заңдарына және БҰҰ-ның 1961, 1971 жылдардағы халықаралық Конвенцияларына сәйкес айналымы бақылауды тұрған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi. IV кестеге Қазақстан Республикасының заңдарына және БҰҰ-ның 1988 жылғы халықаралық Конвенциясына сәйкес айналымы бақылауда тұрған прекурсорлар енгiзiледi. Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті және ветеринарияда қолдануға рұқсат етілген, құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар тізіміне тиісті лицензиясы болған жағдайда диагностикалық, емдік және профилактикалық заттар ретінде пайдаланылуы мүмкін дәрілік препараттар енгізілген. 2. ҚР 2002 ж. 31 мамырдағы № 327-ІІ Заңымен алып тасталды 3. ҚР 2002 ж. 31 мамырдағы № 327-ІІ Заңымен алып тасталды 4. Препараттарға қатысты олардың құрамындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға қатысты белгіленетін бақылау түрлері көзделеді. Егер препараттың құрамында бір емес, бірнеше есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар болса, оған бақылаудың неғұрлым қатаң шараларына жататын есірткі, психотроптық зат пен прекурсорға қолданылатын бақылау қолданылады. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар және оларды шектен тыс пайдаланған жағдайда болмашы қауіп төндіретін және олардан аталған заттар оңай әдістермен алынуы мүмкін емес дәрілік препараттар осы Заңға сәйкес бақылауға жатпайды. Аталған препараттардың Тізімін, оларды бақылаудан алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3-бап. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс пайдалануға қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделiп, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардан тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
4-бап. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымын мемлекеттік реттеудiң және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларының негiзгi принциптерi Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясат және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл; 1) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік бақылау жасау; 2) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер прекурсорлар айналымын және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды мемлекеттік реттеу; 3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау; 4) мемлекеттік және өзге де органдардың қызметiн ведомствоаралық және ведомствоiшiлiк үйлестiру; 5) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымын оларды шектен тыс пайдалануды тыюға бағытталған жұмысты ұйымдастыру мен жүргiзу мiндеттерiн кешендi түрде шешу; 6) нашақорлықтың және сонымен байланысты құқық бұзушылықтардың етек алып кетуiн көздейтiн алдын алу шараларын қамтамасыз ету; 7) нашақорлықтың және оған байланысты құқық бұзушылықтардың етек алуына қарсы күресте әлеуметтiк базаны кеңейту, оның iшiнде қоғамдық, дiни, халықаралық және басқа ұйымдар мен азаматтарды ерiктi негiзде тарту арқылы кеңейту; 8) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау, олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту принциптерiнде жүзеге асырылады.
2-тарау. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi мемлекеттік реттеу мен ұйымдастыру және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ;2006.02.03 № 130-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы мемлекеттік реттеу және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары 1. Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымын мемлекеттік реттеудi және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. 3. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мынадай негiзгi мiндеттердi атқарады: 1) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi реттеу және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруды қамтамасыз етедi; 2) тиiстi мемлекеттік органдармен келiсе отырып, есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласына қатысушы заңды тұлғалар қызметiнiң тәртібін реттейтiн заң актілері мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және аталған саладағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi ; 3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылау жасауды және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады; 4) денсаулық сақтау органдарына, есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың шектен тыс пайдаланылуы саласындағы қызметтi реттеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар шеңберiнде нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек көрсетудi ұйымдастыруға және көмек көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк берiлуiн қамтамасыз етуге жәрдемдеседi; 5) Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне және Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеге уәкілетті органдардың ұсыныстары бойынша өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныс енгізеді; 6) Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының барлық түрлерiнiң ауқымына болжам жасайды; 7) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, мемлекеттiң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттiлiк нормаларын анықтайды; 8) қолданыстағылармен салыстырғанда есiрткiлiк әсерi кемiрек, неғұрлым тиiмдi, қаупi төменiрек есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар әзiрлеу және енгізу процесiн бақылайды; 9) Қазақстан Республикасына арналған халықаралық квоталарды БҰҰ-ның Есiрткiнi бақылау жөніндегі халықаралық комитетi бекіту үшiн Республиканың есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттiлiк нормаларын Үкiметке ұсынады. 10) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы ғылыми зерттеулердi және олардың заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс пайдалануға қарсы iс-қимылды үйлестiрiп отырады; 11) қызметi есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласымен байланысты мамандар оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды, тағлымдамадан өткізудi және олардың біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады; 12) қызметi нашақорлық проблемаларымен байланысты қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтардың жұмысын үйлестiрiп отырады; 13) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 14) денсаулық сақтау саласындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметтер түрлерiнен басқа, есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады; 15) 2006.02.03 № 130-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 16) Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн заң актілерін және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн заңды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныстар енгiзедi; 17) Қазақстан Республикасындағы нашақорлық ахуалдың даму жай-күйi мен үрдiстерiн талдауды, нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыру барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеуді жүзеге асырады; 18) мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар, нұсқамалар енгізеді; 19) уәкілетті органдармен бірлесе отырып, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылдарды әзірлейді және іске асырады; 20) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың теріс пайдаланылуына қарсы күресті үйлестіреді; 21) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 22) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік және өзге де ұйымдардың, сондай-ақ нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады; 23) өз құзыреті шегінде есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласында инвестициялар, техникалық көмекті тартуды және олардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2006.02.03 № 130-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6-бап. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары 1. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарының: 1) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға; 2) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында меншiк нысанына қарамастан, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы үшiн пайдаланылатын кез келген үй-жайларға баруға; 3) құрамында Тiзiмге енгiзiлген есiрткi заттары бар өсiмдiктер өсiрiлетiн жер учаскелерiне тексеріп-қарау жүргiзуге; 4) құрамында есiрткi заттары бар өсiмдiктердi жою мақсатында арнайы құрылған бөлiмшелермен iс-шаралар жүргiзуге; 5) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сапасын сипаттайтын техникалық құжаттаманы, сондай-ақ оларға сараптама жүргiзу үшiн көрсетілген өнiмнiң техникалық негiзделген мөлшердегi үлгiлерiн алуға; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында анықталған кемшiлiктердi жою туралы нұсқамалар беруге; 7) есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы талаптар бұзылған жағдайда заңды тұлғалардың және құрылымдық бөлiмшелердiң өндiрiстiк қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтата тұруға; 8) Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерін бұзғаны үшiн жеке және заңды тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныс енгізуге құқығы бар.
2006.02.03 № 130-III ҚР Заңымен 7 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 7-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау 1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтiң барлық түрлерiн, осы Заңның 19, 20-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бес жылға дейiнгi мерзiмге қызметтiң нақты түрiне лицензия алғаннан кейiн заңды тұлғалар жүзеге асырады. 2. Тiзiмге енгiзiлген есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында объектiлер мен үй-жайларды пайдалануға рұқсатты, қойма қорларының ұрлануын немесе басқадай жоғалуын болдырмау мақсатында қауiпсiздiк шаралары қамтамасыз етiлген жағдайда, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестi жүзеге асыратын уәкiлеттi iшкi iстер органы бередi. |