Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы (2010.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 ж. 6 қаңтарға және 2011 ж. 10 қаңтарға енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен тақырыпта, кіріспеде «жергілікті мемлекеттік басқару», «жергілікті мемлекеттік басқаруды», «Жергілікті мемлекеттік басқару», деген сөздерден кейін тиісінше «және өзін-өзі басқару», «және өзін-өзі басқаруды», «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылды; заңның мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша «әкімият» деген сөз тиісті жалғаулары ескеріле отырып «әкімдік» деген сөзбен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен мәтіндегі «орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің», «орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі», «орталық атқарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің», «орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің», «орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің», «орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің» деген сөздер тиісінше «орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің», «орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі», «орталық мемлекеттік органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің», «орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің», «орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің», «орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің» деген сөздермен ауыстырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1- бап жаңа редакцияда 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) әкім - жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігі және өзін-өзі басқару функциялары берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі; 2) әкім аппараты - жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда) және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме; 3) әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасы - тиісті аумақта орналасқан, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар жүйесі; 4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган; 5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме; 6) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы; 7) жергілікті маңызы бар мәселелер - реттелуі осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл (село) қызметінің мәселелері; 8) жергілікті мемлекеттік басқару - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі; 9) жергілікті өзін-өзі басқару - халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын осы Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет; 10) жергілікті өзін-өзі басқару органдары - осы Заңға сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар; 11) жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган; 12) мәслихат аппараты - тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме; 13) мәслихат сессиясы - мәслихат қызметінің негізгі нысаны; 14) мәслихат сессиясының төрағасы - мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық-билік ету функцияларын жүзеге асыратын, мәслихаттың лауазымды адамы; 15) орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі — тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс шегінде орталық атқарушы органның функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 2-бап. Жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы 1. Жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Осы Заң Алматы қаласының айрықша мәртебесi және астана мәртебесi туралы заңдарға қайшы келмейтiн бөлiгiнде Алматы қаласы мен астананың аумағында қолданылады.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен Заң 2-1-баппен толықтырылды 2-1-бап. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру негіздері 1. Жергілікті өзін-өзі басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл (село) шегінде жеке жүзеге асырылады. 2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастық мүшелері тікелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық (селолық) округтің, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың (селоның) әкімі мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 3-бап. Жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзi Жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзiн: 1) жергiлiктi бюджет; 2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлiк; 3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiк құрайды.
4-бап. Мәслихаттар мен Әкімдіктер үшiн белгiленетiн негiзгi талаптар мен шектеулер 1. Мәслихаттар мен Әкімдіктер өз қызметiнде: 1) жалпы мемлекеттік сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге; 2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға; 3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстануға; 4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. 2. Мәслихаттар мен Әкімдіктерге Қазақстан Республикасының шегiнде бiрыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетудi еркiн алмасуға кедергi келтiретiн шешiмдер қабылдауға тыйым салынады. 3. Мәслихаттар мен Әкімдіктер қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиiс.
2-тарау. Мәслихаттарды құру, олардың құзыреті және қызметін ұйымдастыру
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен 5 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 5-бап. Мәслихаттарды құру тәртібі 1. Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды. 2. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады. 3. Тиiстi мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде: облыстық мәслихатта, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында - елуге дейiн; қалалық мәслихатта отызға дейiн; аудандық мәслихатта - жиырма беске дейiн белгiлейдi. 4. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген оның депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшi сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледi. 5. Мәслихаттар депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарымен регламенттеледi. 6. Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады. 7. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қайта ұйымдастырылған (бiрiккен, қосылған, қайта құрылған, бөлiп шығарылған немесе бөлiнген) жағдайда жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейiн мәслихат депутаттары өз өкiлеттiгiн сақтайды және құрамына өз сайлаушыларының басым бөлiгi кiрген, қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс таратылған жағдайда тиiстi мәслихат таратылады. 8. Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.
11.05.04 ж. № 552-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 09.07.04 ж. № 583-II ҚР Заңымен; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен; (бұр. ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен; (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен; (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-бап өзгертілді 6-бап. Мәслихаттардың құзыретi 1. Мәслихаттардың құзыретiне: 1) тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері іске асыратын (әрбір қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ бойынша жеке-жеке) бюджеттік бағдарламаларды бекіту; 2) тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекіту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелердi шешу; 3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптасқан әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынысы бойынша бекіту; 4) өздерiнің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу; 5) әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті Әкімдіктің дербес құрамын келісу; 6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу; 7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру; 7-1) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заң актiсiне сәйкес аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн жасырын немесе ашық дауыс берудi өткізу жолымен сайлау; 8) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін ережелерді бекіту; 9) жергілікті бюджеттің, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау; 10) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу; 11) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлікті азайту бағдарламаларын бекіту; 12) әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту; 12-1) әкімнің ұсынысы бойынша «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру; 12-2) «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережелерін бекіту; 13) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру; 14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу; 15) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 2008.24.12. № 111-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының құзыретіне сонымен бірге облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспары жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізу, әкімшілік аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) және аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекіту және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын жекелеген азаматтар санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау жатады. 3. Аудандық мәслихаттардың құзыретіне сонымен бірге тиісті ауданның аумағында орналасқан қалалар, кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту, аудандық маңызы бар қала, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл (село) әкімінің атқарылған жұмысы туралы есебін қарау және аудан әкіміне тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу жатады. 4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мәслихаттары тиiстi Әкімдіктердің ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қарыз алу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы. 5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары қоршаған ортаға жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін, орман пайдаланғаны үшін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін эмиссия үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемдер ставкаларын бекітеді. 6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ядролық қондырғылар мен объектілерді салуға келісім беру туралы мәселені қарайды. 7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық мәслихаттары атынан өкілдік ететін депутаттар болып табылатын таңдаушылардың бірлескен отырысында сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттігі таңдаушылардың шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 7-бап. Мәслихаттың актілері 1. Мәслихаттың өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шығаратын шешiмдерi мәслихаттың актілері болып табылады. 2. Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет кiрiстерiн қысқартуды немесе жергiлiктi бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн. 3. Мәслихаттың өз құзыретi шегiнде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты қабылдаған шешiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте ресми жариялануға тиiс және ол тиiстi аумақта орындалуға мiндеттi. 4. Мәслихаттың жалпыға бiрдей мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты шешiмдерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте Әдiлет министрлігінiң аумақтық органдарының мемлекеттік тiркеуiне жатады. 5. Мәслихаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтiн шешiмдерiн мәслихаттың өзiнiң жоюы не сот тәртібімен жойылуы мүмкiн.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8-бап өзгертілді 8-бап. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру 1. Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жүзеге асырады. 2. Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады. 1) мәслихат сессиясының төрағасын, мәслихат хатшысын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың есептерiн тыңдайды; 2) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың жұмысы туралы есептi тыңдайды; 3) мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды, тексеру комиссиясының актілерін бекiтедi; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген адам саны мен қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппаратының құрылымын бекiтедi және оны ұстауға әрi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшiлерiнiң штат саны лимитi тиiстi мәслихат депутаттарының саны негiзге алынып, бес депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ бес адамнан кем емес болып белгiленедi; 5) мәслихаттың регламентiн бекiтедi; 6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешiмдер қабылдайды; 7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнiнде өзге де шешiмдер қабылдайды. 2006.04.11. № 186-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 9-бап. Мәслихат регламентi Мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгізу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау депутаттардың сауалдарын қарау тәртібі, мәслихаттағы депутаттық бірлестіктердің өкілеттігі, қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ дауыс беру тәртібі, аппарат жұмысын ұйымдастыру, басқа да рәсiмдiк және ұйымдастыру мәселелерi сессияда бекітілетiн мәслихаттың регламентiнде белгiленедi. 10-бап. Мәслихат сессиясын шақыру тәртібі 1. Жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясын осы мәслихат үшiн белгiленген депутаттар санының кемiнде төрттен үшi болған ретте, мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей, тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады. 2. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң, сондай-ақ әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргiзедi. Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негiз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкiн. 3. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткiзiлетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкiмге - сессияға кемiнде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн бұрын хабарлайды. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және әкiмге - сессияға кемiнде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн қалғанда табыс етедi. 11-бап. Мәслихат сессиясын өткізу тәртібі 1. Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткiзiледi. 2. Мәслихаттың бiрiншi сессиясын тиiстi сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейiн жүргiзедi. Одан әрi мәслихат сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi. 3. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады. Шешiмдер мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады. 4. Сессия жұмысында мәслихат шешiмi бойынша мәслихат белгiлеген он бес күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге үзiлiс жасалуы мүмкiн. 5. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгiлейдi. 6. Мәслихат сессиялары, әдетте, ашық сипатта болады. Мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешiмiмен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiгi осы үшiн дауыс берсе, жабық сессиялар өткізуге жол беріледi. 7. Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшылары, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беру үшiн мәслихат сессиясына келуге мiндеттi. 12-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi 1. Мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиiс. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады. 2. Тұрақты комиссиялардың тiзбесi мен сан құрамын мәслихат белгiлейдi. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерiн өз депутаттары арасынан тиiстi мәслихат сайлайды. 3. Тұрақты комиссиялар өздерiн сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемiнде бiр рет өз қызметi туралы есеп бередi. 13-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшiлiктiк тыңдаулар 1. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешiмi бойынша көпшiлiктiк тыңдаулар өткiзе алады. 2. Көпшiлiктiк тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтiлген отырыстары түрiнде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлiнше маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында өткiзiледi. |