Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Yкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 560-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесінде: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Есепке алу-бақылау таңбасы тұтыну ыдысына төменгі бағытта голограммамен оны қайта пайдалануды болдырмау мақсатында тұтыну ыдысын ашқан кезде есепке алу-бақылау таңбасының тұтастығы бұзылатындай етіп желімделеді. Есепке алу-бақылау таңбасы тұтыну ыдысына тығыз желімделеді және сәйкестендіруді және штрих-кодтық ақпаратты оқитын құрылғымен оқуды қамтамасыз етеді.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін алкоголь өнімін немесе темекі бұйымдарын есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен таңбалау осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жүзеге асырылады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|