Биоотын өндірісі саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 5-3/513 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 285/НҚ бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңы 6-бабының 13) тармақшасын және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы 38-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған Биоотын өндіру қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін тексеру парағының нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қайта өңдеу өнеркәсібін және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткен соң ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Е.И. Аманға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 776 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 255 бірлескен бұйрығымен бекітілген
нысан
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|