Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесін бекіту туралы (2010.19.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледі.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегi № 750 қаулысымен бекiтілген
Медициналық әлеуметтік сараптама жүргізу ережесi
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2008.29.11. № 1113 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.19.10. № 1078 Қаулысымен (2010 жылғы 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Осы медициналық әлеуметтік сараптама жүргізу ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы«, «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» , «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрлендi және мүгедектiкті әрi еңбек қабілетін жоғалту дәрежесiн белгiлеу, сондай-ақ көмек пен күтiмнiң қосымша түрлеріне мұқтаждықты айқындау тәртібін регламенттейдi. 2. Мүгедектiктi және еңбек қабілетiн жоғалту дәрежесiн белгілеудi, сондай-ақ көмек пен күтiмнiң қосымша түрлерiне мұқтаждықты айқындауды халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрi - МӘС) жүргiзу жолымен жүргiзедi. 3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: мүгедек - тiршілiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам; мүгедектік - организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тiршілiк-тынысының шектелу дәрежесi; мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы - мүгедекті оңалтудан өткiзудiң нақты көлемiн, түрлерi мен мерзiмдерін белгілейтiн құжат; білiктілiк - қызметкердің кәсiптік даярлығының дәрежесi, оның күрделілігі белгілi дәрежедегі жұмысты орындау үшiн қажеттi білімi, ептілiгi мен дағдыларының болуы; медициналық-әлеуметтік сараптама - организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуiн бағалау негізiнде оңалтуды қоса алғанда, куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілiктерiн белгіленген тәртiппен анықтау; организм функцияларының бұзылуы - организмнiң қызметiнде немесе құрылымында туындайтын, олардың нормадан едәуір ауытқуы ретiнде қаралатын проблемалар; куәландыру - мақсаты клиникалық-функционалдық және еңбек болжамын, оңалту мен әлеуметтік қорғау шараларын белгiлей отырып, тiршiлiк-тынысының шектелуін, организм функцияларының бұзылуынан денсаулық жағдайының өзгерістерiн бағалау болып табылатын медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу; куәландырылатын адам - оған қатысты оңалту және әлеуметтiк қорғау шаралары белгіленiп, медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзiлетiн адам; тіршілiк-тынысының шектелуi - адамның өзiн өзi қарап күту, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзiнiң мiнез-құлқын бақылау, оқу және еңбекпен айналысу қабiлетiнен немесе мүмкiндiгiнен толық немесе iшiнара айрылуы; жалпы еңбек қабiлеті - адамның кез келген (білікті емес) жұмысты орындау, қызметтер көрсету қабілеті; кәсiптiк еңбек қабiлетi - адамның нақты жағдайларда белгiлi бiр біліктіліктегi, көлемдегi және сападағы жұмысты орындауға қабiлетi; кәсiп - арнайы даярлықтың және жұмыс тәжiрибесiнің нәтижесiнде алған теориялық білімi мен практикалық машықтар кешенiн меңгерген адамның еңбек қызметiнің (жұмысының) түрi; қызметкер - оның еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауына байланысты мертігу немесе денсаулығына өзге де жарақат алған адам; мүгедек бала - тiршілік-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтік қорғау қажеттілігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам; мүгедектердi оңалту - организм функцияларының тұрақты бұзылып денсаулықтың бұзылуынан туындаған тіршілiк-тынысының шектелуiн жоюға немесе мүмкiндiгiнше толық өтеуге бағытталған медициналық, әлеуметтік және кәсiптiк iс-шаралар кешенi; оңалту потенциалы - мүгедек организмінің бұзылған функциялары мен қабiлеттерiн медициналық, психологиялық және әлеуметтiк факторларын талдау негiзiнде қалпына келтірудің нақты мүмкiндiктерінің көрсеткiшi; оңалту болжамы - оңалту потенциалын iске асырудың болжамды мүмкiндігі және мүгедектiң қоғамға кiрiгуiнiң болжамды деңгейі; еңбек қабiлетi - қызметкердiң белгiлi бiр біліктіліктегi, көлемдегi және сападағы жұмысты орындауға қабілеті; еңбек қабілетінен айрылу - дәрежесi оның жоғалтқан еңбек қабілетiне пайыздық қатынасты бiлдiретін қызметкердiң жұмысты орындау, қызметтер көрсету қабiлетінен айрылуы; организм функциялары - организм жүйелерінің физиологиялық (психикалықты қоса алғанда) функциясы.
2. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың мiндеттерi
4. Негізгі мiндеттерi: 1) мүгедектіктi және еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесiн, олардың себептерiн, мерзiмдерiн, туындаған уақытын және көмек пен күтiмнiң қосымша түрлерiне қажеттілігiн айқындай отырып белгілеу; 2) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын әзiрлеу, әлеуметтiк көмектi, медициналық-әлеуметтік оңалтуды және олардың орындалуын, осы iс-шаралардың тиiмділігiн бақылауды жүзеге асыратын ұйымдарда оңалту iс-шараларын iске асыруға ықпал ету. 1) мүгедектікті және еңбек қабілетiн жоғалту дәрежесiн, олардың себептерiн, мерзiмдерiн, туындаған уақытын, көмек пен күтімнің қосымша түрлерiне қажеттілiгiн айқындай отырып белгiлеу; 2) адамдардың санаторлық-курорттық емделуге, қосымша тамақтануға, күтiмге, оның iшiнде арнайы медициналық күтiмге, дәрi-дәрмектер сатып алуға, ауруды күтуге, техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдарға және (немесе) арнайы жүріп-тұру құралдарына әрi көмектiң басқа да түрлерiне мұқтаждығын анықтау; ҚР Үкіметінің 2008.29.11. № 1113 қаулысымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) ведомстволық статистикалық есептілік мониторингін жүргізу; 3) қайтыс болған адамның отбасына әлеуметтiк төлемдер беру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мүгедектің қайтыс болуының себептік байланысын белгiлеу; ҚР Үкіметінің 2008.29.11. № 1113 қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу және түзету, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі iс-шаралардың түрiн, нысанын, мерзiмi мен көлемiн белгілеу, және олардың орындалу тиімділігін бақылау ҚР Үкіметінің 2008.29.11. № 1113 қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) уақытша еңбекке жарамсыздық мерзiмiн ұзарту; ҚР Үкіметінің 2008.29.11. № 1113 қаулысымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) әскери мiндетті және әскерге шақырылу жасындағы адамдардың мүгедек деп танылуы туралы мәлiметтердi әскери комиссариаттарға ұсыну; 7) медициналық ұйымдардың дәрiгерлерiне медициналық-әлеуметтiк сараптама мен мүгедектердi оңалту мәселелерi жөнiнде консультативтiк көмек көрсету, олардың біліктiлiгін арттыру жөніндегі iс-шаралар жүргiзуге қатысу; 8) жұмыс практикасына қазiргi заманғы, ғылыми қағидаттар мен әдiстердi енгізу, сондай-ақ озық тәжiрибенi қорыту, тарату және медициналық-әлеуметтiк сараптама мен мүгедектердi оңалту жөнiнде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу.
3. Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жiберу тәртібі
6. Тiршілік-тынысының, оның iшiнде аурудың, жарақаттың немесе кемiстiктер салдарынан еңбек қабiлетiнің шектелуiне әкеп соқтыратын, организм функциялары тұрақты бұзылған адамдар, оның iшiнде 18 жасқа дейінгілер МӘС-ке жiберiлуге тиiс. ҚР Үкіметінің 2008.29.11. № 1113 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін адамдарды, оның ішінде 18 жасқа дейінгі адамдарды уақытша еңбекке жарамсыз болған немесе анатомиялық кемістіктер мен жазылмайтын ауруларды қоспағанда, диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді. 8. Медициналық зерттеудің сапасы, адамдарды медициналық-әлеуметтiк сараптамаға жiберудiң уақытылылығы мен негізділігі үшiн жауапкершілік тиiсті медицина ұйымының басшысына жүктеледi. ҚР Үкіметінің 2008.29.11. № 1113 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. МӘС-ке жолдама (088/у) тиiсiнше, сапалы ресiмделмеген кезде аумақтық бөлiмше оны медициналық ұйымға пысықтауға қайтарады және бұл туралы медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жазбаша хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2008.29.11. № 1113 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10. Куәландырылатын адамға медициналық-әлеуметтік сараптама медициналық ұйымның жолдамасы бойынша: 1) тұрғылықты тұратын (тіркелген) жері бойынша; 2) мамандандырылған мекемелерде емдеуде жүрген жері бойынша; 3) түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында жүргізіледі. Куәландыруға мынадай құжаттар: 1) 088/у нысаны ресімделген күнінен бастап бір айдан кешіктірмей; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы; 3) тұратын жері туралы деректер; 4) ауру динамикасын талдау үшін амбулаторлық карта, ауру тарихының және зерттеу нәтижелерінің үзінді көшірмелері; 5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылады. Куәландырылатын адам жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа: 1) кәсіби еңбекке қабілетін жоғалту белгіленген жағдайда - еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға немесе қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануы туралы Н-1 нысаны бойынша акті (бұдан әрі - Н-1 нысанындағы акті), Ұлттық еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар орталығының мерзімі екі жылдан аспаған қорытындысын (бұдан әрі - ҰЕГ мен КАО қорытындысы); 2) жалпы еңбек қабілетін жоғалту белгіленген жағдайда - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу фактісін растайтын құжатты; 3) мүгедектік себебі жаралануына, контузияға, жарақатына, мертігуіне ауруына байланысты айқындалған жағдайда - оның себептік-салдарлық байланысын белгілейтін уәкілетті органның қорытындысын; 4) 18 жасқа дейінгі адамдарға тәрбие, білім беру түрлері мен нысанын айқындау үшін айғақтар белгіленген жағдайда - психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын; 5) еңбекке қабілетті жастағы адамдардың арасында алғашқы мүгедектік белгіленген жағдайда - еңбек қызметі туралы мәліметтерді (еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі) ұсынылады. ҚР Үкіметінің 2008.29.11. № 1113 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Егер адам медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайына байланысты МӘС-ке келе алмаса, онда куәландыру үйде, стационарда жүргiзіледi және куәландырылатын адам қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде жүрген ерекше жағдайларда ғана куәландырылатын адамның, немесе оның ата-анасының, біреуінің немесе заңды өкілiнiң, оның iшiнде 18 жасқа дейiнгi адамның қамқоршысының, қорғаншысының келісімiмен ұсынылған құжаттардың негiзiнде сырттай жүргiзіледi. Сырттай мүгедектік куәландырылған адамды мүгедектік белгіленген сәттен бастап 6 айдың ішінде бақылап тексеріп, 1 жылдан аспайтын мерзімге айқындалады. 12. МӘС ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтiк, кәсiптiк және өзге де деректердi) қарау, куәландырылатын адамды тексеру, организм функцияларының бұзылуы және тіршілік-тынысының, оның iшiнде еңбекке қабілетiнiң шектелуi дәрежесiн бағалау жолымен аумақтық бөлiмше бастығының және кемiнде екi бас маманның қатысуы кезiнде алқалы түрде жүргiзiледi. 13. Аумақтық бөлiмшенің сараптамалық қорытындысы медициналық айғақтар, организмнiң негiзгi функциялары бұзылуының және осы Ереженiң 1, 2-қосымшаларына сәйкес тіршілік-тынысы шектелуiнiң жiктемесi негізiнде организм жағдайының және тіршілік-тынысының, оның iшiнде еңбек қабілетiнiң шектелуi дәрежесiнiң кешендi бағасына орай шығарылады. 14. Организм функцияларының бұзылуы және тіршілік-тынысының, оның iшiнде еңбек қабілетiнiң шектелуi дәрежесiне байланысты мүгедек деп танылған адамға бiрiншi, екiншi немесе үшiншi топтағы мүгедектік, ал 16 жасқа дейiнгi адамға «мүгедек-бала» санаты, ал он алты жастан он сегiз жасқа дейінгi адамдарға бiрiншi, екiншi, үшіншi топтағы «мүгедек-бала» санаты белгіленедi. 15. МӘС жүргiзiлген кезде мүгедектiктiң мынадай себептерi айқындалады: 1) жалпы ауру; 2) еңбек жарақаты; 3) кәсiптiк ауру; 4) бала кезiнен мүгедек; 5) уәкілеттi орган себептiк-салдарлық байланысты анықтаған жағдайда, әскери iс-қимылдарға қатысуына байланысты, әскери қызмет мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерiн) атқару кезiнде алған, әскери қызметiн өткеру кезiнде, әскери қызмет мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерiн) атқарумен байланысты емес жазатайым оқиға нәтижесiнде алған жаралану, контузия, жарақаттану, мертiгу, ауру; 6) уәкілетті орган олардың себептiк-салдарлық байланысын анықтаған жағдайда, төтенше экологиялық жағдайлар, оның iшiнде иондық сәуле шығару әсерiнен және/немесе олардың салдарынан алған ауру. ҚР Үкіметінің 2008.29.11. № 1113 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 16. Мүгедектiк және кәсiптiк еңбек қабілетiнен айырылу дәрежесi мынадай мерзiмдерге: 6 айға, 1, 2 жылға немесе қайта куәландыру мерзiмiнсiз белгіленедi. Жалпы еңбек қабілетiнен айырылу дәрежесi мынадай мерзiмдерге: 6 айға, 1, 2 жылға немесе мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа толғанға дейiн белгiленедi. 16 жасқа дейiнгi адамдарға «мүгедек бала» санаты бойынша мүгедектiк мынадай мерзiмдерге: 6 айға, 1, 2, 5 жылға және 16 жасқа толғанға дейiн белгiленедi. 16 жастан 18 жасқа дейінгі адамдарға мүгедектік мынадай мерзімдерге: 6 айға, 1 жылға 18 жасқа толғанға дейін белгіленеді. Мүгедектік мерзiмi мен еңбек қабілетiн жоғалту дәрежесi куәландырылатын адамның оңалту потенциалына сәйкес белгіленедi. 17. Қайта куәландыру мерзімінсiз мүгедектiк: 1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес қалпына келмейтiн анатомиялық кемiстiктер; 2) организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтiн өзгерістерi мен бұзылулар болған кезде, жүргiзiлген оңалту iс-шаралары тиiмсiз болғанда, бiрiншi топтағы мүгедектi - кемiнде төрт жыл, екiншi және үшiншi топтағы мүгедектi - кемiнде алты жыл динамикалық қадағалаудан кейiн, зейнеткерлiк жастағы адамдарға - оңалту болжамы қолайсыз болған кезде белгіленедi. ҚР Үкіметінің 2008.29.11. № 1113 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 18. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа толғанға дейiнгi жалпы еңбек қабілетiнен айырылу дәрежесi: 1) осы Ережеге 3-қосымшада көзделген қалпына келмейтiн анатомиялық кемiстiктерi; 2) организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтiн өзгерістерi мен бұзылулары болған кезде, жүргiзілген оңалту iс-шаралары тиiмсiз болғанда жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесi 80-нен 100 пайызды қоса алғанға дейінгі адамдарды кемiнде төрт жыл, жалпы еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесi 30-дан 79 пайызды қоса алғанға дейінгі адамдарды кемiнде алты жыл динамикалық қадағалаудан кейiн белгiленедi. 19. Қайта куәландыру мерзiмiнсiз кәсiптiк еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесi: ҚР Үкіметінің 2008.29.11. № 1113 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) осы Ережеге 3-қосымшада көзделген қалпына келмейтiн анатомиялық кемiстiктерi; ҚР Үкіметінің 2008.29.11. № 1113 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтiн өзгерістерi мен бұзылулары болған кезде, жүргiзiлген оңалту iс-шаралары тиiмсiз болғанда кәсiби еңбек қабілетiнен айырылу дәрежесi 90-нан 100 пайызды қоса алғанға дейінгі адамдарды кемiнде төрт жыл, кәсiби еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесi 5-тен 89 пайызды қоса алғанға дейінгі адамдарды кемiнде алты жыл динамикалық қадағалаудан кейiн белгіленедi. ҚР Үкіметінің 2008.29.11. № 1113 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20 Аумақтық бөлімшенің сараптама қорытындысы куәландырылатын адамның осы Ереженің 10-тармағында белгіленген құжаттары келіп түскен сәттен бастап екі аптадан кешіктірілмей шығарылады. Медициналық-әлеуметтік сараптама актісі мен хаттамалар журналына сараптамалық қорытындыны шығаруға қатысқан аумақтық бөлімшенің бастығы, бас мамандары қол қояды және мөртабанмен расталады. Куәландырылатын адамның деректері «Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқоры» бағдарламасына енгізіледі, онда медициналық-әлеуметтік сараптама актісі, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы мен хаттамалар журналы қалыптастырылады. 21. Адам мүгедек болып танылған жағдайда аумақтық бөлімше бiр айдың iшiнде оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлейдi. 22. Куәландырылатын адамның аумақтық бөлiмшеге өтiнiш берген күнi мүгедектiкті, еңбек қабілетiн жоғалту дәрежесiн белгілеу күнi болып есептеледi. Мүгедектiк тобы және оны белгiлеу күнi еңбекке жарамсыздық парағында немесе еңбекке жарамсыздық парағы берілмейтiн жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздықты куәландыратын анықтамада көрсетіледi. ҚР Үкіметінің 2008.29.11. № 1113 қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 23. Сараптамалық қорытындыны шығару қиын болған кезде куәландырылатын адамның құжаттары он жұмыс күнінің iшiнде аумақтық бөлiмшеге жiберiледi, ол қаралып отырған мәселе бойынша белгіленген тәртiппен сараптамалық қорытынды қабылдайды. ҚР Үкіметінің 2008.29.11. № 1113 қаулысымен 23-1-тармақпен толықтырылды 23-1. Егер куәландырылатын адам өндірістік жарақаттың немесе кәсіптік аурудың бұрын белгіленген мүгедектікпен себептік-салдарлық байланысын растайтын тиісті құжаттарды (Н-1 нысанды акті, ҰЕГ мен КАО қорытындысы) ұсыну негізінде «жалпы аурудан» мүгедектік себебін «еңбек жарақатына» немесе «кәсіптік ауруға» ауыстырғысы келген жағдайда аумақтық бөлімшеге тиісті құжаттарды ұсынған күн мүгедектік себебін өзгеру күні болып есептеледі. 24. Мүгедектiк және еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесi белгіленген кезде: 1) мүгедектік туралы анықтама; 2) «Мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан» көшiрме; 3) еңбек қабілетiн жоғалту дәрежесi туралы анықтама; 4) медициналық айғақтар болған кезде, көмек пен күтімнің қосымша түрлерi туралы анықтама; 5) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес медициналық айғақтар болған кезде, арнайы жүрiп-тұру құралдарына мұқтаждығы туралы анықтама беріледi. 25. Мүгедектік туралы, еңбек қабілетiн жоғалту дәрежесi туралы анықтамадан үзiндiлер мен басқа да құжаттар сараптама қорытындысы шығарылған күнiнен бастап 3 күн мерзiмде әлеуметтік және басқа да төлемдердi тағайындайтын және оңалту iс-шараларын жүзеге асыратын органдарға жiберiледi. 26. Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргiзген кезде сараптамалық, құқықтық және басқа да мәселелердi шешу үшін әкiмшілiк шығыстарға көзделген қаражат есебiнен осы қызметтерге ақы төленiп консультанттар (педиатр, психолог, заң қызметкерi және басқа мамандар) тартылуы мүмкiн. 27. Аумақтық бөлiмшеге сараптамалық қорытынды шығаруға мүмкiндiк бермейтiн, жеткілiктi негiзделмеген диагнозбен жiберiлген адам куәландырылған кезде, аумақтық бөлiмше диагнозы мен организм функцияларының бұзылу дәрежесiн нақтылау мақсатында оны қосымша тексеруге және емдеуге жiбередi. Куәландырылатын адам қосымша тексеруден және емделуден бас тартқан жағдайда, сараптамалық қорытынды қолда бар деректердiң негiзiнде шығарылады, бұл туралы медициналық-әлеуметтiк сараптама актiсiнде тиiстi жазба жасалады.
5. Мүгедектік топтарын анықтау өлшемдерi
28. Азаматты мүгедек деп тану үшiн: 1) денсаулықтың организм функцияларының тұрақты ауытқуынан бұзылуы; 2) тіршілiк-тынысының шектелуi (адамның өзiне өзi қызмет көрсету, өздiгiнен жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, өзінің мiнез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметiмен айналысу қабілетiн немесе мүмкiндiгiн толық немесе iшiнара жоғалтуы); 3) әлеуметтiк қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттігi негiз болып табылады. Жас мөлшерiне қарай организмде пайда болатын өзгерістер мүгедектiк тобын белгiлеу үшiн негiз болмайды. 29. Тiршілiк-тынысының мынадай санаттарының бiрiнiң айқын білiнетiн шектелуiне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемiстіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты едәуiр немесе айқын білiнетiн бұзылуы бiрiншi топтағы мүгедектiкте белгілеу үшін өлшем болып табылады: үшіншi дәрежедегi өзiне өзi қызмет көрсету қабілетi; үшіншi дәрежедегi жүріп-тұру қабілетi; үшiнші дәрежедегі айналасын бағдарлай бiлу қабілеті; үшіншi дәрежедегi қарым-қатынас жасау қабілетi; үшiншi дәрежедегi өзінің мінез-құлқын бақылау қабiлетi. 30. Тiршілiк-тынысының мынадай санаттарының бiрiнiң білiнетiн шектелуiне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемiстiктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты бiлінетiн бұзылуы екiншi топтағы мүгедектікті белгілеу үшiн өлшем болып табылады: екiнші дәрежедегі өзiне өзi қызмет көрсету қабілеті; екiншi дәрежедегi жүріп-тұру қабілеті; екiншi, үшіншi дәрежедегi еңбек қызметiне (еңбек етуге) қабiлетi; екiншi, үшіншi дәрежедегi оқуға қабілетi; екiншi дәрежедегi айналасын бағдарлау қабілетi; екiншi дәрежедегi қарым-қатынас жасау қабiлетi; екiншi дәрежедегi өзiнің мiнез-құлқын бақылау қабілетi. 31. Тiршілiк-тынысының мынадай санаттары бiрiнiң шамалы білiнетін шектелуiне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемiстiктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты шамалы бұзылуы үшiншi топтағы мүгедектiктi белгілеу үшін өлшем болып табылады: бiрiншi дәрежедегi өзiне өзi қызмет көрсету қабілетi; бiрiншi дәрежедегi жүрiп-тұру қабілетi; бiрiншi дәрежедегi еңбек қызметіне (еңбек етуге) қабілетi; бiрiншi дәрежедегi оқуға қабiлетi; бiрiншi дәрежедегi айналасын бағдарлау қабілетi; бiрiншi дәрежедегi қарым-қатынас жасау қабілетi; бiрiншi дәрежедегi өзiнiң мінез-құлқын бақылау қабiлетi.
6. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының жалпы еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеу өлшемдерi
32. Жалпы еңбек қабілетiн жоғалту дәрежесi (бұдан әрi - ЖЕЖ) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің қатысушысына еңбек қабілетiн жоғалтуына (айрылуына) әкеп соққан оқиға (әлеуметтiк қатер) туындағанда белгіленедi. 33. Еңбек қабілетiн (жалпы) жоғалту дәрежесi - адамның жоғалтқан еңбек қабілетiне пайыздық қатынаспен көрсетілген, еңбек қызметін (кез келген білiксiз қызмет) орындау қабілетінен ауытқу мөлшерi. ҚР Үкіметінің 2008.29.11. № 1113 қаулысымен 34-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 34. Жалпы еңбек қабiлетiнен айырылу жағдайы орын алғанда мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушысына ЖЕЖ дәрежесi 30-дан 100 пайызды қоса алғанға дейін белгіленедi. 35. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің қатысушысына ЖЕЖ 2-қосымшада көзделген еңбек қабілетiнiң шектелуiне әкеп соқтырған организм функцияларының бұзылу дәрежесiне қарай мынадай жағдайларда: ҚР Үкіметінің 2008.29.11. № 1113 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) организм функциялары еңбек қабiлетiнiң шамалы білiнетiн шектелуiне әкеп соғатын шамалы білiнетiн бұзылулары 30-дан 59 пайызды қоса алғанға дейін; ҚР Үкіметінің 2008.29.11. № 1113 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) организм функциялары еңбек қабілетiнiң білiнетiн шектелуiне әкеп соғатын тұрақты білінетiн бұзылуында 60-тан 79 пайызды қоса алғанға дейін; |