ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 165-ө-м бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 394-ө бұйрығына 1-қосымша
Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді. 2. Осы Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, меншік нысаны мемлекеттік және мемлекеттік емес стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің шарттарының көлемі мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, медициналық-әлеуметтік ұйымдар қызметінің тәртібін, психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларды (бұдан әрі - балалар), тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларды (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар), психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан адамдарды (бұдан әрі - 18 жастан асқан адамдар), бірінші және екінші топтағы мүгедектерді (бұдан әрі - мүгедектер), егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз қарттарды (бұдан әрі - қарттар) стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды. Жоғарыда аталған санаттар бірлесіп қызмет алушылар болып аталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|