Павлодар қаласының 2011 - 2013 жылдарға арналған бюджеті туралы
Осы редакция 2011 жылғы 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ: 1. Павлодар қаласының 2011 - 2013 жылдарға арналған бюджеті тиісті 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін, соның ішінде 2011 жылға мынадай көлемдерде: 1) кірістер - 19 818 499 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 18 534 654 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 96 398 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 419 447 мың теңге; трансферттер түсімдері - 768 000 мың теңге; 2) шығындар - 19 493 499 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - -179 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - нөлге тең; 5) бюджет профициті - 325 179 мың теңге; 6) бюджет профицитін пайдалану - -325 179 мың теңге. 2. Павлодар қаласының 2011 жылға арналған бюджетінде Павлодар қаласының бюджетінен облыстық бюджетке 6 786 543 мың теңге сомасында бюджеттік алуларды көздеу ескерілсін. 3. Павлодар қаласының 2011 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резерві 302 643 мың теңге сомасында бекітілсін. 4. Павлодар қаласының 2011 жылға арналған бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін. 5. Кенжекөл селолық округі, Мойылды, Павлодар ауылдары, Ленин кенті әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламалар тізбесі 5, 6, 7, 8 қосымшаларға сәйкес бекітілсін. 6. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайтын білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласының мамандарына осындай қызметтің түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда жалақыларының және тарифтік ставкаларының 2011 жылы 25 пайызға көтерілуі сақталсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|