ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 332 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 8 бұйрығына 1 қосымша
Ересектерде АИТВ-инфекциясын және ЖИТС-ты диагностикалау және емдеу
Хаттама коды: АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): В20 Инфекциялық және паразитарлық аурулар түрінде байқалатын, адамның иммунтапшылығы вирусымен (АИТВ) туындайтын ауру; В21 Қатерлі ісіктер түрінде байқалатын, адамның иммунтапшылығы вирусымен (АИТВ) туындайтын ауру; В22 Басқалай анықталған аурулар түрінде байқалатын, адамның иммунтапшылығы вирусымен (АИТВ) туындайтын ауру; В23 Басқалай ахуалдар түрінде байқалатын, адамның иммунтапшылығы вирусымен (АИТВ) туындайтын ауру; В24 Анықталмаған, адамның иммунтапшылығы вирусымен (АИТВ) туындайтын ауру. Анықтама: АИТВ-инфекциясы - адамның иммунтапшылығы вирусының (бұдан әрі - АИТВ) лимфоциттерінде, макрофагтарында және нерв жасушаларының тінінде көп жылдар бойы персистелу нәтижесінде өрбитін, иммундық жүйені біртіндеп зақымдап үдеуімен сипатталатын жұқпалы ауру, адамды екінші зақымдалудан кейін өлімге апаратын, жұқтырылған иммунтапшылығы синдромы (бұдан әрі - ЖИТС) ретінде сипатталады. Жіктемесі: тіркелген оппортунистік инфекцияларға (бұдан әрі - ОИ), басқа және иммунотапшылыққа байланысты екінші қайтара туындаған ауруларға негізделген Қазақстанның жағдайларына бейімделген, АИТВ инфекциясы сатысының ДДҰ белгіленген клиникалық жіктемесі, 2006 жылғы версиясы. Жіті АИТВ-инфекциясы. Жіті қызба сатысы (жіті ретровирустық синдром) 1-клиникалық саты Симптомсыз ағым Персисттенциялы генерализацияланған лимфоаденопатия 2-клиникалық саты Себорея дерматиті Бұрыштық хейлит Сілемейлі ауыздың қайтала беретін ойық жарасы (соңғы 6 айдың ішінде екі немесе бірнеше есе рет) Құрсау теміретке (бір дерматоманың шегіндегі көлемді бөртпе) Тыныс жолдарының қайталама инфекциясы (кез келген 6 айдағы синуситтің, орташа отиттің, бронхиттің, фарингиттің немесе трахеиттің екі немесе одан да көп жағдайы) Онихомикоздар Бастапқысынан дене салмағын кемінде 10%-ға жоғалту 3-клиникалық саты Салмақтың түсініксіз жоғалту (6 айдың ішінде 10%-дан аса) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|