Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес өткізілетін іс-шараларды реттеу және деңгейін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы (бұдан әрі - Үлгілік қағида) бекітілсін. 2. Мәдениет комитеті Үлгілік қағиданы облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі А. И. Бөрібаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2010 жылғы 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәдениет министрінің 2010 жылғы 25 қарашадағы № 128 бұйрығымен бекітілген
Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы
1. Осы Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы уәкілетті орган мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) ұйымдастыратын республикалық конкурстар мен фестивальдердің (бұдан әрі - конкурстар мен (немесе) фестивальдер) өткізу тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) конкурс - жеңіске аса үздік үміткерді (үміткерлерді) айқындау мақсатында өткізілетін қоғамдық-мәдени, көркемдік-шығармашылық іс-шара. 2) мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырушы орталық атқарушы орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|