Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің мәселелері (2010.08.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 11 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті құрылсын. 3. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын. 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті болып қайта аталсын. 5. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі; 2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін. 6. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі және Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|