Осы редакция 2011 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2010.22.10. № 1093 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру»
1. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 552-кабинет, электрондық мекенжайы www.mіnfіn.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - ҚБК) көрсетеді. Жұмыс кестесі демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-5а дейін үзіліс. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 5-тармағы 10) тармақшасы негізінде көрсетіледі. 4. «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» (бұдан әрі - Стандарт) мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.mіnfіn.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 5. Үш жыл мерзімге берілетін және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылатын бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет кәсіби бухгалтерлерге үміткерлерді сертификаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері: 1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш пен осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған сәттен бастап күнтізбелік отыз күнінен аспайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|