Қазақстан Республикасы Конституциясы 92-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституциялық Кеңес Төрағасының міндетін атқарушы Н.І.Өкеев, Кеңес мүшелері Ж.Д.Бұсырманов, А.Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, өтініш субъектісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Қ.Дауылбаевтың қатысуымен, өзінің ашық отырысында 2000 жылғы 2 маусымда келіп түскен Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 92-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады. Баяндамашы Н.І.Өкеевтің хабарламасын, өтініш субъектісінің өкілінің сөзін тыңдап және қолдағы бар материалдарды зерделеп шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады: Қазақстан Республикасы Конституциясы 92-бабының 4-тармағына сәйкес Конституция күшіне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде қолданыла береді және Конституция қабылданған күннен бастап екі жыл ішінде оған сәйкес келтірілуге тиіс. Конституцияның 92-бабының 1-тармағы конституциялық заңдар Конституция күшіне енген күннен бастап екі жыл ішінде қабылдануға тиіс деп, ал осы баптың 2-тармағы - Конституцияда аталған басқа заңдар Парламент анықтаған тәртіп пен мерзімде, бірақ Конституция күшіне енген күннен бастап кем дегенде екі жыл ішінде қабылдануға тиіс деп белгілеген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|