«Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы (2015.17.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 370 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.04.06. № 738 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.17.06. № 440 Қаулысымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 және «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Өнімділік 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, мониторингілеу қағидаларына сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. ҚР Үкіметінің 2015.17.06. № 440 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|