Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы
Осы редакция 2011 жылғы 27 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысымен бекітілген
Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі
1. «Мекен-жай тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 2. «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 3. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі. 5. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі» ақпараттық жүйесі. 6. «Ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттамалардың депозитарийі» ақпараттық жүйесі. 7. «Мемлекеттік дерекқор мен электрондық мұрағаттардың қоймасы» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 8. «КZ домендік атаулары мониторингінің жүйесі» ақпараттық жүйесі. 9. Ұлттық куәландырушы орталық. 10. Мемлекеттік органдардың электрондық мұрағаттар жүйесі. 11. Мемлекеттік органдардың бірыңғай мультисервистік көлік ортасы. 12. «Мемлекеттік стандарттар» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. 13. Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі. 14. «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу. Қосылған құн салығынан көшірілген шот фактура тізілімдерін қабылдау және өңдеу жүйесі» ақпараттық жүйесі. 15. «Салық есептілігінің электрондық нысандары» ақпараттық жүйесі. 16. «Төлем көзінен ұсталатын жеке тұлғалар кірістерінің есебі» ақпараттық жүйесі. 17. «Ірі кәсіпорындардың электрондық мониторингі» ақпараттық жүйесі. 18. «Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі.
|