Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кейбір аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Көкшетау» кедені және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Қызылорда» кедені - мемлекеттік мекемелері құрылсын. 3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22,205-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 5-1-тармақтың 6) тармақшасындағы «аумақтық органдары -» деген сөздер алып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде: 11-тармақтың 127) тармақшасы алып тасталсын; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 29 сеуірдегі № 461 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кейбір қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдарының -мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|