Осы редакция 2011 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2010.22.10. № 1093 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру»
1. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 550-кабинет, электрондық мекенжайы www.mіnfіn.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - ҚБК) көрсетеді. Жұмыс кестесі демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3) тармақшасының негізінде көрсетіледі. 4. «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.mіnfіn.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 5. Қолданылу мерзімі шектеусіз берілетін, Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін және аккредиттелген кәсіби ұйымдардың тізілімінде міндетті тіркеуге жататын кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарға көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері: 1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш пен осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайды; 2) кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алу үшін осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 15 минут; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|