Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің
Осы редакция 2011 жылғы 5 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 213 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы. Қала құрылысы, сәулет және құрылыс құралдары және коммуналдық қамтамасыз ету арқылы қол жеткізілетін адамның мекендейтін және тіршілік ететін толыққанды ортасын қалыптастыру, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамыту. Пайымдауы. Сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы және тұрғын үй-коммуналдық саладағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру, қазіргі жағдайда құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру.
2. Тиісті салалар (аялар) қызметінің ағымдағы жағдайын және даму үрдістерін талдау
1-стратегиялық бағыт. Тұрғын үй құрылысын дамыту. Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі өлшемдері Құрылысты одан әрі дамыту, сондай-ақ құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігін және сапасын арттыру мемлекеттің түйінді экономикалық міндеті болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|