Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 81 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау жэне оған қойылатын біліктілік талаптары мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 16, 185-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде: 5) тармақшадағы «арнайы дайындықтан» деген сөздер «тағылымдамадан» деген сөзбен ауыстырылсын; 6) тармақшадағы «көшірмесін ұсынады.» деген сөздер «көшірмесін;» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсетіп, лицензиарға тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқ екендігі туралы анықтаманы ұсынады.»; 20, 21 -тармақтар алып тасталсын; 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «23. Лицензиаттар лицензияның жоғалғаны туралы лицензиарға бір ай мерзімде хабарлайды.»; мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын: «24-1. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтатқан кезде 10 жұмыс күні ішінде лицензиарға лицензияны қайтарады.»; 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|